Тұсау кесу

Тұсау кесу

Тұсау кесу (салт). Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен сон аяғын қаз-қаз баса бастайды. Нәресте 9-12 айлығында қаз тұрып, алғаш жүруге талпынады. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң-тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «Ал сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі.
Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниет пен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.
Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мумкін.
Бұның мәні мынада: казақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқаңды ептеп істейтін кезінен — осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырыңдылықка барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, түс ауындағы жіпті кескендей оңдай арам кезіксе кесіп-құртуға тырыс дегені. Бұл — екінші себебі.
Біріншісі бастағы айтқанымыздай баланың келе

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *