Тоқым қағу

Тоқым қағу

Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді.
«Қазақта мектеп те жоқ, Медресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз»— деп ат кеудесімен басып кете жаздатып жүргендер — шетінен тойдала, пілге үрген иттей, олар қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса женілмеудің алғашқы сабағы.
Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.
Қазақ ұлы оннан асысымен қозы жасы атайды. Бұл шақта баланың міңдеті, істейтіні — қозы бағу. Бұл еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. «Қозы жасы» атауы да содан.
Жоғарыда өзіміз сөз еткендей қағаз-қалам ұстап партада отырған оқушысы болмағанымен, өрісте қолына ақ таяқ ұстап, еңбекке шынығып жүрген баласы бар қазақ бір жағынан зиян тартса, бір жағынан пайда тауып жатады. Түбінде оқу-ғылым теріс емес қой. Бірақ түйенің өзі — түйе, құмалағы түйе болмайтынындай, оқығанның бәрі ойлаған жерден шыға бермейді… Ал қозы жасы деп аталатын еңбек мектебіндегілер шетелдікке қанша айтқанмен бейім келеді.
Бұл арада біз оқудан ат-тоңды ала қашудан аулақпыз. Әңгіме қазақтың ертедегі әлқиссасы жөнінде болып отырған соң, сол кездегі қазақтардың бала тәрбиесі, оқытуы болмады дегеңдерге ескерту жасау ғана.
Өйткені казақ балаға жастайынан қатал қараған, баули білген. Кей халықтың қозы жасындағылары сары далада сарылып қозы бақпақ тұрғай, жеңіл-желпі киініп есік алдына шықса ауырып қалады.
Алматының кейбір биік үйінен басқаны көрмеген он жасты қойып, жиырмадағы баласы ауылға келгенде отын бұтай алмай тыраңдап жатқанына талай куә болғанбыз.
Қазіргі халыққа қозы жасындағы балаға жүз қозыны итарқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *