Тасаттық
Сенім — адамдардың көз сүзген мұраты мен көкейге түйген мақсатын жүзеге асыруының тірегі. Тіпті өзі орындай алмайтын сыры терең, ой жетпейтін құпия тұңғиық, ғайыптағы тылсым дүниелерге үңілгенде де адамды қолдайтын құдіретке жан-жүрегімен сенеді, үмітін жебейтін наным-тоқтамын Тәңір деп жалбарынады. Соған мұң-зарын шағып, құрбаңдық шалады, тілеу тілейді. Осындай сенімнен туған ырымдар қазақ арасыңда тіпті көп. Бәрі жақсылық тілеуден туған ақ ниет. Қыс өтіп, көктем келген соң, алғаш күн күркірегенде бақырды даңғырлатып дыбыс шығарып, үйді айналу — үйдің амандығын көк тәңірінен тілеуі. Тасаттық беру жосыны да көне заманнан қалыптасқан сеніммен өзектес. Казірге дейін санадан орын алып, тіршілік арнасынан ауытқымай өрбіген рәсім.
Күн шығыстағы Орхон өзені бойынан күн батыстағы Қара теңіз жағалауларына, солтүстіктегі мұзды алқаппен Орал тауларының түкпірдегі жоталарына, оңтүстіктегі Гималай мен Үндікүш асқарларына дейін іркес-тіркес созылған өркеш-өркеш ұлы таулар қойнаулары мен байтақ далалар төсін мекен еткен ежелгі түрік халықтары есте жоқ ерте заманда-ақ өздері құдірет деп таныған заттар мен құбылыстарға сенген. Соған орай тотемдік және шамаңдық сенім қағидаларын нысана тұтқан.
Бұл сенімдер бойынша әрбір заттың, құбылыстың, тау мен судың, от пен жарықтың әрқайсысы бір-бір киенің иесі саналған. Казақтар киелі құс деп, үкіге зиян-зақым келтірмейді. Адамнан азған деп, аюды албаты өлтірмейді. Бұлар тотемдік сенімнің жосығы сияқты. Осындай аялы сенімнен обал және сауап деген ұғым шыққан. Обал мен сауаптың қағидасы қазақ өміріңде елеулі орын алады. Бұл аң мен құсты, ағаш пен өсімдікті сақтап, қорғауға ерекше қызмет ететін қағида. Кажетке жараса — кескен ағаштыңда, орған шөптіңде сауабы бар. Ал оларды бос қасыңдырып, жұлу — обал. Осы сенімнің негізі жер қыртысын, жайылымды, егістікті, орман-тоғайды, өсімдікті сақтап, қорғаудын нанымдық жолы. Соңғы жылдары табиғаттың азып, тозғындауы адамдардың осындай сенімнен айырылуының салдары. Сенімнен айырылу—азғыңдыққа душар етеді.
Сол алғашқы діңдерден өрбіген сенім жосыңдары түрлі кезеңде өмір сүрген түрлі түрік халықтарының тұрмысында елес болып қалған. Өшіп кетпей, әдет-ғұрыптарына сіңіп, заман өте келе салтқа ауысқан. Тек қана жақсылық тілеудің ырғағына айналған. Көнеден келе жатқан мұңдай киелі нысанның белгілері қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр ұлттарының тұрмыс-салтынан көп байқалады. Бірақ діңдік сенімнен гөрі салттық мәні басым.
Тасаттық — сол тамыры терең сеніммен түбірлес салт. Өзегі үзілмеген жалғасының бір түрі. Негізінен шаман діні сеніміңдегі құдірет иелері саналатын аспан тәңіріне, бұлт тәңіріне бас иіп, жалбарынудан қалған көне дағдының салтқа айналған көрінісі тәрізді. Жаңбыр жаумаған, құрғақшылық зардабын шеккен шақта жұрт осы сенім жосығымен құрбандық шалып, жақсылық тілейді. Алайда кейін келсе де өркен жайған ислам діні қағидаларының ықпалы салдарынан бұл көне сенім санадан өшкенімен, тұрмыстағы қалдығы қайырымдылық күткен тілеудің ғибратты нысанына ауысқан түрі бар. Ырым жосынымен сақталған. Бұл да ырымдық игі ниетке ғана арналады.
Тасаттық — құрғақшылық жылдары көктен жаңбыр жаууын тілеп, ұлы тәңірге, аспан киесіне шын ықыласпен ақ ниет таныттатын жосын. Ежелгі сенім бойынша көк аспан да, найзағайлы бұлт та -Тәңір. Көне сенімдерді жаңа наным ережесімен алмастырған Христиан дінінің пайғамбары Иса ғалайһиссалам да мәңгілік көкте жүр. Адамдар сол секілді қасиеті киелерден жақсылық күтеді. Ислам діні кең қанат жайған соң адамдар сеніміндегі көне ұғымның орнын Алла тағаланың кұдіретіне бас иген сенім басты. Соңдықтан тасаттық беру — сауық емес, құдыретке сыйыну, адамдардың ұлы киелерге бас иіп, жалбарынуы, мейірі мол Алла тағаладан шапағат тілеп, ықыласын өздеріне аударуы. Сол үшін садақаларын аямайды. Алладан өзінің шапағатымен жердің бетін жайнатып, шөп пен егін өсіруін, дүниені қаталатпай, су беруін өтінеді. Сол үшін алла тағаланың жолына арнап құрбан шалады.
Тасаттыққа ауыл-аймақ, үлкен-кіші, кәрі-құртаң, аш пен тоқ, бай мен кедей жиналып, ниеттерін тоғыстырады. Бір дастарқанның басыңда отырып тілеу тілейді. Бір қазаңда піскен асты ықыласпен бөлісіп жейді. Малды қоңды, жердің бетін отты, адамдарды тоқ етуін сұрап, Алла тағалаға жалбарынады. Сұрайтыңдары — жаңбыр. Ылғал болмаса астығы, шабатын шөбі қурайды да, тіршілік күйреуге ұшырайды. Ұлы тәңірден көптің көз жасын көруді, елдің ырысын суалдырмай, тынысын кеңейтуді, сол үшін жаңбыр жаудыруды өтініп, алақаңдарын көкке жаяды.
Тасаттық берген ауылдағы адамдар құдай жолына арнаған садақаларын ортаға салады. Тасаттық асын беру үшін белгіленген жерге қазан-ошақ орнатылып, ішіп-жем мол әзірленеді. Ауылдың ақ ниет қариялары тілеу тілеп, дұға оқиды. Аспанға қолдарын жайып, құдай жолына арнаған құрбаңдық малға бата жасайды:
О тәңірім, талқыға салма,
Сая бол өзің талыққан жанға!
Көгіңнен тамдыр тамшыңды,
Үмітті үзбей, арасын жалға!
Жерге қаулап шөп енсін,
Егін солмай, көп өнсін!
Бере гөр, тәңір, тілеуді,
Мейіріңді төгерсің!
Тілеуді қабыл ете гөр,
Күнәлі болсақ, кеше гөр!..
Тасаттық ауылдан шалғайлау таза жерде өтеді. Оңда ақ тілеулер үздіксіз айтылып, дастарқан кең жайылады. Жиналғандар түгел жайғасып отырып, кұдайы тамақтарын түгесе ішіп-жеп тарайды. Бұл да қазақ өміріне сіңген ежелгі дағды. Ақ ниет пен шын тілеудің нысаны.