Кіндік кесер

Кіндік кесер

Кіндік кесер (салт). Ел ішінде «кіндік шешесі» немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың «жол менікі» деп аталатын кездері де болады. Кіндік кесу — мәртебелі абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Кейінде «кіндік шеше» деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. «Кіндік шеше» кейін келіп бала үйінен өз қалауын ала алады.
Баланың кіндігі түскеннен кейін «елдің қорғаны болсын» деп ер баланың кіндігін ат шаптырым жерге апарып көмеді. Қыз «Отбасының тірегі болсын» деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *