Иман айту

Иман айту

Иман айту — немесе иман үйіру деп те айтылады. Науқастанып жан тәсілім алдында жатқан адам өз иманын өзі айтып, тілін кәлимаға келтіреді. Егер ол өзі айтуға шамасы келмесе күзетте отырған адам да айтуға болады. Дәстүрімізде ауыр науқасты күзететін ғұрып бар. Күзету — деп беті бері қарамайтын науқастың жанында жанашыр адамы, туысы, молда отырып, оның ақырғы сәтін күтуді айтады. Ауру өте әлсіреген кезде молда дем салып отырады. Мұндай сәтте науқас жақындарымен арыздасып, кешу сұрап, өсиетін айтады. Иманын айта алмай немесе айтылмай өлгендерді халық „арам өліпті» немесе „имансыз өліпті» дейді. Адамның жан тәсілім өтер шағын соңғы демін „ант-мезгіл» дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *