Жоқтау

Жоқтау

Жоқтау (салт). Адам туады, өмір сүреді, өледі. Бұл — жазмыш. Осы құбылыстың қазақ салтыңда өзіндік сипаты бар. Абайша айтсақ, Дүниеге елендетіп келіп, жер қойнына елендетіп кіреді. Бір қазақтың үйінде бала дүниеге келсе, ауыл жиналып той жасайды. Ән мен жыр төгіп қуанысады. Ал жасы жеткенде не ұрыс-керісте қаза болса — ел қайғырады. Асыл қасиеттерін өленге қосып, мұңды сарынмен шығарып салады.
Дүние салған адамның бала-шағасы келушілермен көрісуге дайындалады. Бәйбіше қара жамылып аза тұтады. Оны абысын-ажындары, қыздары мен келіндері, ауыл әйелдері көріп ап отырады. Еркек балалары мен бауырлары есік алдыңда тұрады. Топырақ салып, парызын өтеуге келгеңдер азалы ауылға таяған соң, бір шақырымдай жерден ат қояды. Сол кезде әйелдер дауыс салады. Жылау қай үйден шықса, келушілер солай беттейді. Ат ұстаушылар алдын ала белгіленеді. Келгендер үйге кіріп, жылап отырған әйелдер мен көріседі. Одан кейін сыртқа шығып, мұндағылармен құшақтасады, қайғысына ортақтасады. Әйелдер беталды бақыра бермейді. Әуеңдете дауыс айтып, қайтыс болған кісінің адамдығын, артықшылығын, өздерінің орны толмас қайғыға ұшырағанын өлеңдетіп жылайды. Бұл құбылыс ел түгел жиналып болғанша созылады.
Мәйіт жуылып, жаназасы шығарылғаннан кейін қабірге қарай алып жүргеңде, әйелдер жылап қоштасып қалады. Қабір басына еркектер ғана барады. Жерлеу рәсімі аяқталып, ауылға қайтқан сон, өлген кісінің балалары, туыстары әйелдермен мұндасып көріседі. Қариялар тоқтау айтып жұбатады. Сонымен қазаның алғашқы күні аяқталады.
Әйелдердің жоқтау айтып жылауы үздік-создық жалғасып жатады. Жетісіне арналған нәзірден кейін өлген кісінің қадірін асырып, жоқтау айту рәсімі арнайы ұйымдастырылады.
Өлген кісіні жоқтау — қазақтың ұлттық салты. Жоқтау батырларға, билерге, ел қадірлеген адамдарға және шайқаста өлгендерге арналады. Ел сүйсінер өнегесі болмаса, өлген кісінің бәріне жоқтау айтыла бермейді. Бұл салт жыл толып, асы берілгенше созылады. Осы уақыттың ішінде ол кісінің таныс-білістері, әр шалғайдағы жолдас-жоралары әр мезгіл ат қойып келген сайын бәйбіше бастап жылайды да, жұбату айтылып тоқтайды. Одан әрі жоқтау айтушылар дауысты жалғастырады. Бұл міңдет арнаулы қыз-келіншектерге жүктеледі. Тапсырмамен ақыңдар құрастырған жырды мүдірместей жаттап алады.
Кең дүние құшағыңда өскен қазақтың азалы үйге келім-кетімі де үзілмейді. Өйткені қайтыс болған кісіні еске алған көңілдес, пікірлес кісілер қай шалғайда жүрсе де оның үйіне бір келуді міндет санайды. Жәй емес, ауылдың сыртынан ат қойып келеді. Бұл — дүниеден өткен кісіге кұрмет. Ал жайдан-жай ауылға қарай шапқанды қазақ теріске, жаман ырымға жориды. Көңіл айта келгеңдер көрісіп, жайғасып отырғаннан кейін арнайы орыңда отырған жоқтау айтушылар өлген кісіге арналған жырды айтып шығады. Жұрт құлақ түріп тындайды. Жоқтаудың үлгісі көп. Әр адамның бейнесін көрсетеді.
Ағузы деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Шариғаттың жолына.
Жалған сөзді қоспайын.
Иманды болғыр атамды
Аузымнан қалай тастайын.
Ұялы терек — ордалым,
Атекем еді қормалым.
Күн жағыма көлеңке,
Жел жағыма қорғаным.
Жоқтағанда өзінді
Тұрады асқар тау жылап,
Саялы бақша-бау жылап.
Күңіренеді ой мен қыр,
Айдын көл, жасыл орманың.
Атекем сапар шеккен соң,
Кетті ғой сәні орданың.
Осыдан кейін жоқтау арналған кісінің атқарған игі істері, парасаты толық қамтылған мұңды да әсерлі жыр төгіледі. Жыр аяқталған соң, тілек айтылып, сабыр-тақатқа шақырылады. Аса игі қасиеттер дана, ақылгөй кісілерге арналған жоқтаулардан байқалады. Ол ел есіңде үлгі ретіңде сақталады.
Мың жасаған адамды?
Алладан әмір келгенде,
Ел-жұртыңды қинадың.
Кішілерді аялап,
Үлкендерді сыйладың.
Өкінгеннен өксідің,
Өлімге басты қимадың.
Жоқ екен ғой дүниеде
Тапжылмай мәңгі тұрмағың.
Нәсіп етсін енді алла,
Жолдас болсын иманың!..
Жоқтау айтылатын үйде келген кісілер күтілетіңдіктен оңаша тігіліп, ту қадалады да, тұлдаулы тұрады. Бұл манда саяқ жүріс болмайды. Тосын күлкі естілмейді. Жыл толғандағы асы берілгенше қаралы ту жығылмайды. Бұл өлген адамның аруағына ұрпағының сыйы.
Жоқтаудың да өзіне тән тәлімі, жарасымы, елдік сипаты болуы шарт. Соңда ғана оның тәрбиелік тәлімі, өнегесі артады. Бұл істегі ожар қылықтар ажуаға айналады. Халықтық салттың сиқын бұзады. Соңдықтан ел де одан сақтаңдырады.
Біреу алыстағы құдасының қайтыс болғанын естіп, жырақ жолдан ат арытып келіпті. Соңда онымен көріскен құдағиы отыра қалып:
-Мінгенде атың қара ала,
-Пейіштің төрін арала.
Пейіштен орын таппасаң,
Күркеңе келіп панала!..-
деп, дауыс айта бастапты. Бұл сөздің қисынсыздығын байқаған құдасы зарлаған құдағиымен көріскен болып тұрып, қапсыра құшақтайды да, тоқтау айтады:
— Есіктің алды күйреме, Құдағи балшық илеме. Пейішке барған кұданы Күркеге қарай сүйреме…
Мұны естіген жұрт ду-ду күліп, жылаудың арты ажуаға айналып кетіпті. Сондықтан жоқтаған дауыстың маңызды, тәлімі мол мағыналы болуына ерекше назар аударылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *