Жатақтар — өздерінің жағдайы жағынан жатақтар егіншілерге жақын тұрды. Малдары болмағандықтан, олар көше алмады, соңдықтан ұдайы қыстауды сағалады. Жатақтардың жағдайын сипаттай келіп, И. Завалишин былай деп жазды: «Жатақ байларға бақташы, ал Шеп маңыңда тұратын казактарға батырақ болып жалданады, тіпті Шеп маңындағы қалаларда, станицаларда, елді мекендерде тұтас ұлыс болып топтанады, бірақ осының бәрі тек бір үзім нан үшін ғана еңбектену».
Тек біршама бай адамдар сұлтаңдар, феодалдар, билер, ру шонжарлары, малы көп ауқаттылар ғана көше алды. Осыңдай бір бай туралы кедей жатақтың айтқаны мына төмендегідей: «Мамакеннің малы көп, соңдықтан оның көшуге мүмкіндігі бар». Бұл сөздер жатақтардың экономикалық жағдайын жеткілікті дәрежеде айқын сипаттайды.