Дәрілік препараттарға сұранысты зерттеу және қажеттілікті анықтаудың негізгі принциптері
Мақсаты: студенттерге дәрілік препараттарға сұранысты зерттеу және қажеттілікті анықтаудың негізгі принциптері туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Тұрғындарға және емдеу-профилактикалық мекемелерде емделетін стационарлық сырқаттарды кепілді көлемде медициналық және фармацевтикалық көмектермен сапалы түрде қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда звеналарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да фармацевтикалық тауарлармен тиімді түрде қамтуды ұйымдастыру керек.
Фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда жүйелерін дәрі-дәрмектермен қамту келесі өндірістік операцияларды қамтиды:
дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау;
дәрілік заттардың өндіруші кәсіпорындармен шартқа отыру;
дәрі-дәрмектердің қажеттілігіне қарай сұрау-талап қағаздарының уақытылы толтырылып жіберілуі;
дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы құжаттарның дұрыс және бекітілген талаптарға сәйкес безегдірілуі т.б.
Дәрі-дәрмектердің қажеттілігі және қажетті мөлшерін анықтау, дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға сұраныстың және ұсыныстың өзгеру заңдылығына байланысты. Дәрі-дәрмектердің сұранысы мен ұсынысының өзгеруіне дәрілік заттардың қолдануына әсер ететін факторлар ықпал етеді. Аталған факторлардың негізгілеріне келесілер жатады:
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен санының өсуі;
дәріханалық және медициналық ұйымдар жүйесі мен медициналық және фармацевтикалық мамандар санының өсуі;
халықтың мәдени деңгеінің өсуі, дамуы;
медициналық және фармацевтикалық ғылымдардың дамуы;
тұрғындар арасында аура түрлерінің өсуі т.б.
Дәрі-дәрмектерге деген сұранысты маркетингтік зерттеу, талдау кезінде сұраныстың қанағаттандырылған, қанағаттандырылмаған және қалыптасып келе жатқан түрлері қарастырылады. Дәрілік заттарға деген қалыптасқан сұраныс фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда жүйелерінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың жеткіліктілігін көрсетеді. Қанағаттандырылмаған сұраныс фармацевтикалық сату, өткізу жүйесінде дәрілік заттар ассортименттерінің толық еместігін немесе жеткіліксіздігін көрсетеді. Қалыптасып келе жатқан сұраныс негізінен жаңа шығарылған отандық және шетелдік дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға қалыптасады.
Дәрі-дәрмектердің қасиетті мөлшерін анықтауда медициналық тәжірибедегі қолданыстағы барлық дәрілік заттарды негізгі үш топқа бөліп қарастырылады:
ерекше әсері бар дәрілік заттар;
қолданылуы бақылауға алынатын дәрілік заттар;
кең түрде қолданылатын дәрілік заттар.
Ерекше әсері бар дәрілік заттарға белгілі ауру түрін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатқызылады, туберкулез, қант диабеті, қатерлі ісік ауралары т.б. Әр аура түрін емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерін анықтаудың өзіне тән ерекшеліктері болады. Аталған дәрі-дәрмектер тобының қажетті мөшерін анықтау үшін, ауру түрімен ауыратын тұрғындардың санын, әр ауруға жылына жүргізілетін емдеу курсының санын және бір емдеу курсын жүргізуге қолданылатын дәрілік заттар санын білу керек. Аталған көрсеткіштер есептедін шығарылғаннан кейін, ерекше әсері бар дәрілік заттардың жылдық қажеттілігі келесі формула бойынша есептелінеді:
Қ=Ш х Ек х А,
Қ — ерекше әсері бар дәрілік заттардың бір жылға қажетті мөлшері;
Ш — бір аурудың емдеу курсына жұмсалатын дәрілік заттардың шығыны;
Ек — аурулардың бір жылда қабылдайтын емдеу курстарының саны;
А — ерекше әсері бар дәрілік заттарды пайдаланатын аурулардың саны.
Аурулардың жылда қабылдайтын емдеу курстарының саны, бір аурудың емдеу курсына жұмсалатын дәрілік заттардың шығыны және ерекше әсері бар дәрілерді пайдаланатын аурулардың саны жергілікті емдеу-профилактикалық ұйымдардың, денсаулық сақтауды басқару органдарының статистикалық-есепке алу бөлімдері арқылы анықталады.
Қолданылуы бақылауға алынатын дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау, атап айтқанда амбулаториялық және стационарлық науқастар үшін наркотикалық заттардың және этил спиртінің қажеттіліктері ҚР ДСМ арнайы бұйрыктарымен бекітілген есептік нормативтері негізінде жүргізіледі.
Амбулаториялық және стационарлық науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттілігінің есептік нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығына сәйкес анықталған.
Амбулаториялық және стационарлық жағдайда емделетін науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттар қажеітілігінің есептік нормативтері төмендегі таблицада көрсетілген:
Жылына 1000 адамға шаққандағы халықтың есірткі дәрілік заттарға (граммен) кажеттілігінің есептік нормативтері
№
Дәрілік заттардың атаулары
1000 адамға
шаққандағы
норматив
1
Морфин гидрохлориді
0,3
2
Промедол (тримепиридин)
5,0
3
Омнопон
0,3
4
Кокаин
0,02
5
Дионин (этилморфин)
0,1
6
Эстоцин гидрохлориді
0,3
7
Кодеин
70,3
8
Апиын
833,3
9
Фентанил
0,006
Ескерту: Нормативтер барлық дәрілік түрлерді таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жолымен белгіленген, сондықтан тапсырыстарды норматив бойынша есептік қажеттіліктермен салыстырғанда құрамында көрсетілген заттар бар барлық дәрілік заттарды таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жасау керек.
Наркотикалық дәрілік заттардың дәріханаларға қажетті мөлшері төмендегі формула бойынша есептелінеді:
EMBED
Қ — дәрілердің мөлшері;
Н — дәрінің 1000 адамға есептелінген нормасы;
С — тұрғындар саны.
Стацттонарлық жағдайда емделіп жатырған науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттіліктері емдеу-профилактикалық ұйымдардың емдеу бағыттары мен ем жүргізуші бөлімдері бойынша бір ауру төсегіне есептелініп анықталған есептік нормативтері арқылы жүргізіледі.
Наркотикалық дәрілік заттардың жылына бір ауру төсегіне керекті есептік нормативтері емдеу-профилактикалық ұйымдардың бөлімдері бойынша жоғарыда аталып көрсетілген № 234 бұйрықтың 2 таблицасында көрсетілген.
Этил спиртінің шығындалу нормативтер мен есепке алу тәртібі Қазакстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №224 бұйрығымен бекітілген.
Этил спиртінің шығындалуының есептік нормативтері емдеу-профилактикалық ұйымдарында бір стационарлық науқасқа есептелінген (95%) нормалары бойынша анықталады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда этил спиртінің қажеттілігі 1000 келушіге есептелінген нормалар бойынша жүргізіледі. Мысалы, туберкулезге қарсы емдеу диспансерінде 1000 келушіге 800 г., тері-венерологиялық емханада 1000 келушіге 1000 г., онкологиялық емханада 1000 келушіге 1300 г., эндокринологиялық емханада 1000 келушіге 900 г., кардиологиялық емханада 1000 келушіге 800 г., наркологиялық емханада 1000 келушіге 800 г., аллергологиялық емханалық ұйымдарда 1000 келушіге 1100 г., акушерлік-гинекологиялық емханалық ұйымдарда 1000 келушіге 800 г. т.б.
Таза күйіндегі этил спирті концентрациясының ауытқуын (96°-тан 97°) есепке алмастан босатады.
Камфорлы спирт түрінен басқа бор, салицил, құмырсқа спирттері жеке және басқа дәрілік заттар құрамында емдеу-профилактикалық ұйымдарға босатылуы, таза этил спирті нормативті есебінен жүргізіледі.
Дәріханаларда этил спиртінің қажетті мөлшерін анықтауда дәріхананың жұмыс көлеміндегі өзгерістер ескеріліп, рецептура санына байланысты анықталады.
Кең түрде қолданылатын дәрілік заттарға антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, витаминдер, гормонды препараттар, қызуды төмендететін дәрілер т. б. жатады.
Аталған дәрілік заттар тобының қажетті мөлшерін анықтау, олардың нақтылай пайдаланылған мөлшеріне талдау жүргізудің негізінде жүргізіледі. Кең түрде қолданылатын дәрілік заттардың нақтылай пайдаланылуына талдау жасау жұмысы екі сатыдан тұрады:
1) дәрілік заттардың колданылу көрсеткіштерін жинау және талдау;
2) талдаудың негізінде дәрілік заттардың қажетті мөлшерін есептеу.
Дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау күрделі де, қиын жұмыс.
Дәрілер топтарының қажетті мөлшерін анықтау барысында түрлі әдістемелік нұсқаулар, нормалар және компьютерлік техникалар кеңінен қолданылады.