Дәрілік заттардың айналым саласында логистикалық әдістерді қолдану.

Дәрілік заттардың айналым саласында логистикалық әдістерді қолдану. Дәріханалық қойма фармацевтикалық қызметтің көтерме сауда звеносы ретінде

Мақсаты: студенттерге дәрілік заттардың айналым саласында логистикалық әдістерді қолдану. Дәріханалық қойма фармацевтикалық қызметтің көтерме сауда звеносы ретінде туралы түсінік беру.

Дәріс тезистері:
Дәрілік заттар айналысында фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жасап шығаруда пайдаланылатын шикізаттарды, дәрілік субстанцияларды немесе дәрілік өсімдік шикізаттарын алудан бастап, фармацевтикалық тауарларды сатып алатын, тұтынатын соңғы тұтынушыға дейінгі аралықтарды қамтиды. Осы аралықтарды екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды өндіруде қолданылатын шикізаттарды алудан бастап, дайын фармацевтикалық өнімдерді өндіруге дейнгі өнімдердің қозғалысы кезеңі.
Дайын фармацевтикалық өнімдердің өндірушілерден соңғы тұтынушыларға дейінгі тауарлар қозғалысы кезеңі.
Фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы – тауарлардың өндірушілерден сатылуы өткізілу орындары арқылы тұтынылуға дейінгі физикалық түрдегі жылжу процесін құрайды. Осы аталған кезеңдердің бәрін біріктіре отырып, соңғы кезде тауарлар қозғалысындағы төте материалдық ілек аталатын түсінік пайда болды. Бұл өнімдердің, тауарлардың қозғалысы процесінде пайда болған жаңа ғылым логистикамен (грекше logistics – есептеуді жүргізу искусствосы), оның зерттеу пәнімен байланысты.
Логистер қазіргі кезеңдегі түсініктер тұрғысынан қарағанда жаңа ғылыми пән. Лагистиканын ғылыми және практикалық тұрғыдағы қалыптасуы шет елдерде өткен ХХ ғасырдың 70‑і жылдарынын басында, ал ТЕД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда экономикалық нарықтық қатынастарға сәйкес дамуының басталуымен жүзеге асуда.
Логистика ғылым ретінде тауарлар қозғалысының төте материалдық легін басқарудын жаңа тиімді әдістерін жасау арқылы ұйым, кәсіпорындар қызметінде практикалық тұрғыда сол әдістердін қолданылуын қамтамасыз етеді.
Ғаламдар мен практикалық мамандардың пікірлерінше лагистикалық әдістерді қолдану негізінде материалдық қорларды 30‑70% қысқартып, өнім, тауарлардың сақталу уақытын азайтып, өндірушілерден тұтынушыларға дейінгі қозғалыстарын жылдамдатып, тауарлар қозғалысы жүйесінде экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Логистиканың қалыптасқан тауарлар қозғалыс жүйесінен ерекшелігі такарлардың материалдық легін финанстық, ақпараттық, сервистік қызмет және тасымалдау көліктері мен байланыстарына қамтылуында. Осыған байланысты лагистиканың негізгі міндеттеріне тауарлардың материалдық легін жоспарлау, өнімдердің, тауарлардың өндірілуіннен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысында жүргізілетін барлық қызмет түрлерін (қозғалысы, финанстық, ақпараттық, сервистік, тасымалдау көліктік жағынан қамту) ұйымдастырп жүргізу және бақылау жатады.
Тауарлардың төте материалдық легінің сатыларына байланысты логисчтиканың келесі түрлері бөлініп қарастырылады:
сатып алу логистика – ұйымдарды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;
өндірістік логиятика – өнімдерді тауарларды өндіруші немесе оларды сақтау, басқа да қызметтерлі көрсетуші ұйым, кәсіпорындардың ішкі материалдық лектерін басқару;
тауарларды, өнімдерді тарату логистикасы – дайын тауарлар мен өнімдерді тұтынушыларға жеткізу.
Фармацевтикалық нарықта көтерме сауда звеноларының қарқынды дамуы және фармация саласында логистикалық әдістердің қолданылуы бүгінгі нарықтық экономика жағдайында фармацияның басқарылуы және экономикасы пәнінің жаңа бағыттарының бірі фармацевтикалық логистиканың қалыптасуына ықпал жасады.
Фармацевтикалық логистика – дәрілік заттардың басқа да фармацевтикалық тауарлардың қозғадысын ақпараттық, финанстық және сервистік жағынан қамту негізінде оңтайландырудың және басқарудың тиімділігін арттыруға, сонымен қатар фармацевтикалық көмекті тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал жасайтын ғылым және практикалық қызмет.
Фармацевтикалық нарықтағы тауарлар қозғарысының логистикасын схема түрінде көрсетуге болады (Сур.). Фармацевтикалық тауар, өнімдерді өндіруге алынған шикізаттар (дәрілік субстанциялар) тауарөндірушінің қоймасына түседі, кейін тауар өндірушілерге беріледі.
Тауар өндірушімен өндірілген дайын фармацевтикалық тауарлар мен өнімдер дистрибьютерлерге беріледі, олардар фармацевтикалық көтерме және бөлшек сауда жүйелеріне түсіп, кейін соңғы тұтынушыға жетеді.
Фармацевтикалық тауарлардың тауарөндірушілерден тұтынушыларға дейінгі жылжуында тауарлар қозғалысы каналдары қалыптасады.
Таурлар қозғалысының әртүрлі транзиттік формалары болады. Мысалы, тауарлар тауарөндірушілерден делдалдық звеноларсыз тікелей сатылу немесе тұтыну орындарына жеткізіледі және тауарлар тауарөндірушілерден сатылу немесе тұтыну орындарына бір немесе бірнеше дистрибьюторлық қоймалар арқылы жеткізіледі.
Тауарлардың қозғалыс каналдарын таңдау оларды өндірушілерден соңғы тұтынушыға жеткізу жалдамдығына, уақытына, сақтандырылуына және бағаларына тікелей әсер етеді.
Тауарлар өндірушілерден тікелей тұтынушыға жеткізілсе, дистрибьюция каналы нөлге тең болады немесе делдалдар болмайды. Тауарларлды дистрибьюциялаудың нөлдік деңгейінде екі қатысушы ғана болады:

 


Тауарлар қозғалысы каналына делдардар немесе, дистрибьюторлық фирмалар кірсі, көпдеңгейді каналға айналады. Қатысушы делдал саны біреу болса бірінші деңгейлі канал болады:

 


Қатысушы делдалдар саны екеу болса екінші деңгейдегі канал болады:

 

 

Фармацевтикалық тауарларды дистрибьюциялау каналдары вертикалды және горизонталды бағыттарда болады. Дистрибьюциялаудың вертикалды каналдарына тауарөндіруші–дистрибьютор–бөлшектеп сату жүйесі – тұтынушы жатады, горизонталды каналдарына дистрибьюторлық көтерме сауда бірдей деңгейдегі фирмалар жатады. Ірі фармацевтикалық компаниялар фармацевтикалық тауар, өнімдерді тұтынушыларға жеткізуде тауарлар қозғалысы каналдарының барлық түрлерін қолданады.
Дәрі-дәрмектердің тауарөндірушілерден тұтынушыға дейінгі қозғалысы кезіндегі уақыттың көп бөлігі, оларды сақтауға жұмсалады. Сондықтан тауарлар қозғалысы жүйесінде майда көтерме сауда арқылы тауарларды сататын дәріханалық қоймалардың маңызы өте үлкен. Дәріханалық койманың аталған түрі дәріханалық ұйымдарды, емдеу-профилактикалық мекемелерді және басқа да кәсіпорын, ұйымдарды дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да фармацевтикалық тауарлармен камтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
Тауарларды майда көтерме сауда арқылы сату дәріханалық қоймаларының негізгі міндетіне бекітілген зандылық-нормативтік құжаттардың және сапа талаптарын қанағаттандыратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды қабылдау, сақтау және оларды дәріханалық ұйымдарға, емдеу-профилактикалық мекемелерге, басқа да ұйымдарға және фармацевтикалық өндірістік шағын кәсіпорындарға босату жатады.
Дәріханалық қоймалар аталған негізгі міндетіне сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
тауарөндірушілермен шартқа отырады;
дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сатып алады;
тауарөндірушілер шарт міндеттерін бұзған жағдайда, оларға штрафтық санкциялар мен арыздық жұмыстар жүргізеді;
тауарөндірушілерден дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық өнімдерді сапасы, бағасы және саны бойынша қабылдап алады;
дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды МФ талаптарына және олардың физикалық және химиялық-қасиеттеріне сәйкес сақталуын ұйымдастырады;
тауарлардың сақталуын және дәріханалық емдеу-профилактикалық ұйымдардан тапсырыстардың қабылдануын, оларға тапсырыстары бойынша қажетті дәрі-дәрмектерін жеткізіп беруді қамтамасыз етеді;
фармацевтикалық өнімдердін босатылу және есепке алыну тәртіптерінің қатаң түрде сақталуын ұйымдастырады;
тауарлардың сақталу кезінде жарамды мерзімдерін, тауарөндірушілер мен тұтынушылардың есеп айырысуда баға тәртібін сақтауларын бақылауға алып қадағалайды;
техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тәртіптерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Дәріханалық қойма негізгі міндеті мен қызметтерін орындау үшін, қойма басшысы және қызметкерлері фармацевтикалық нарықтағы сұраныс пен ұсынымдарды зерттеуге, дәрі-дәрмектердің сапасының бақылану және сертификатталу тәртіптерін сақтауға, қойманың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға міндетті.
Тауарларды майда көтерме сауда арқылы сататын дәріханалық қоймаларға нормативтік құжаттарға сәйкес келесі фармацевтикалық талаптар қойылады:
бөлмелерінің белгілі көлемде болуы;
бөлмелердің талаптарға сәйкес жобалануы;
тауарлар қозғалысының ұйымдастырылуы;
бөлшектер жұмыстарының жүргізілу мүмкіншіліктері;
дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау жағдайларының болуы;
желдеткіш және жылыту жүйелерінің болуы.
Дәріханалық қойма өзалдына бөлек ғимараттарда немесе емдеу-профилактикалық мекемелерден басқа медициналық, дәріханалық ұйымдар орналасқан ғимараттардың құрамында орналасуы мүмкін. Дәріханалық қойма басқа мекемелер ғимараттары құрамында орналасқан кезде, қойманың бөлек өзалдына бөлек қызметкерлері мен келушілері кіретін, тауарларды түсіріп, тасып кіргізетін бөлек есіктері болуы керек.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес дәрілік заттар айналысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту және фармацевтикалық қызметті ұйымдастырып жүргізуді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №65 қаулысымен Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылым және категорияларын анықтау Ережесі бекітілді.
Дәріханалық қоймалар фармацевтикалық қызметтерінің көлемі мен түріне байланысты екі категорияға бөлінеді.
І категориялы дәріханалық қоймаларға фармацевтикалық қызметтері дәрілік заттардың толық тізімін, есірткілік және психотроптық заттармен, прекурсорлармен, өмірлік маңызды дәрілік заттармен бірге сатып алуды, сақтауды, ҚР территориясына әкелуді, ҚР территориясынан шығаруды және сату өткізуді, жүзеге асырумен байланыста фармацевтикалық қызметтерін жүргізуші дәріханалық қоймалар жатқызылады.
І категориялы дәріханалық қоймалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлерін жүзеге асыру үшін келесі негізгі өндірістік бөлімдерін ұйымдастырады:
қабылдау және экспедиция бөлімі;
құрамында улы, есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттар бөлімі;
медициналық бұйымдар (медициналық техникалардан басқа), байлау-таңу, санитарлық-гигиеналық заттар бөлімі;
қосымша материалдар, ыдыстар, дезинфекциялық заттар, қышқылдар мен негіздер бөлімі.
ІІ категориялы дәріханалық қоймаларға фармацевтикалық қызметін лицензиялауда қойылатын квалификациялық талаптарды қанағаттандыратын барлық қалған дәріханалық қоймалар жатқызылады.
І категориялары дәріханалық қойманың бөлімдері мен бөлімшелерінің құрамы:
Жұмыс және шаруашылық бөлмелері:
меңгеруші кабинеті;
менеджер кабинеті;
мамандар бөлмесі;
мамандардың киімдері бөлмесі;
жуу, тазалау инвентарларын сақтау бөлмесі;
әжетхана;
жуыну бөлмесі.
Дәрілік заттарды қабылдау және экспедиция бөлімі:
тауарларды түсіру және тиеу контейнерлерінің платформасы;
дәрілік заттарды қабылдау және койманың бөлімдеріне бөлу бөлмесі;
дәрілік заттарды, басқа да тауарларды бөлу, упаковкалау және босату бөлмесі.
Құрамында улы заттар, есірткілік заттар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттар бөлімі:
құрамында улы заттар, есірткілік және психотроптық заттар, прекурсорлар бар дәрілік заттарды және рецептуралық бланкілерді қабылдау, сақтау комнатасы.
Дайын дәрілік заттар бөлімі:
дайын дәрілік заттарды, жартылай фаррикаттарды, дәрілік субстанцияларды сақтау бөлмесі;
дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтау бөлмесі;
этил спиртін сақтау бөлмесі;
дәрілік субстанцияларды фасовклау бөлмесі;
тез тұтанғыш, жанғыш сұйықтарды сақтау бөлмесі.
Медициналық бұйымдар, байлау-таңу материалдары, санитарлық-гигиеналық заттар бөлімі:
медициналық бұйымдарды сақтау бөлмесі;
мақта, мәрлі және басқа да байлау-таңу санитарлық-гигиеналық заттарды сақтау бөлмесі.
Қосымша материалдарды, ыдыстарды, дезинфекциялық заттарды, қышқылдар мен негіздер бөлімі:
қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау бөлмесі;
дезинфекциялық заттарды сақтау бөлмесі;
қышқыл, негіздерді сақтау бөлмесі.
Дәріханалық қойма бөлімдері бөлмелерінің көлемдері тарауда – таблицада көрсетілген.
Дәріханалық қоймалардың құрамында тауарлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін келесі өндірістік бөлмелердің болуы қарастырылады:
тауарларды қабылдау және экспедиция бөлмелері;
тауарларды сақтау бөлмелері;
бөлшектеу жұмыстарын жүргізу бөлмесі;
тоңазытқыш камерасы.
Дәріханалық қойманың қабылдау және экспедиция бөлімінде келесі жұмыстар жүргізіледі:
дәріханалық қоймаға келген тауарларды түсіру, топтау;
отандық және шетелдік тауарларды уақытша сақтау;
дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сапасын тексеру;
сапасыз деп табылған тауарларды уақытша бөлек сақтау;
дәріханалық ыдыстарды сақтау.
Дәріханалық қойманың қабылдау бөлімі қойманың басқа бөлмелерінен бөлек және дәрілік заттардың негізгі сақталу бөлмелерімен байланысты орнадасады.
Тауарлар дәріханалық қойманың сақтау бөлмелерінде стеллаждарда зауыттық ыдыстарында орналастырылады.
Дәріханалық қойма бөлмелері бөлек сақтауды талап ететін дәрілік заттар мен фармацевтикалық тауарлардың топтарына сәйкес анықталады. Қойманың жұмыс көлеміне байланыссыз келесі бөлімшелерінің болуы қарастырылады:
құрақ дәрілік заттарды сақтау бөлмесі;
сұйық дәрілік заттарды сақтау бөлмесі;
дайын дәрілік заттарды сақтау бөлмесі;
улы, есірткілік және психотроптық заттарды сақтау бөлмесі (оларды сақтауға рұқсат лицензиясы болған жағдайда);
санитарлық және гигиеналық бұйымдарды, байлау-таңу материалдарын сақтау бөлмесі;
экспедициялық бөлме.
Экспедициялық бөлмеде келесі жұмыстардың жүргізілуі қарастырылады:
жіберуге, босатуға дайындалған тауарларды орналастыру;
механикаландырылған тауар тасу құралдарының қозғалыс зонасы.
Дәріханалық ұйымның әкімшілік және тұрмыстық бөлмелері жұмыс көлеміне байланысты анықталады, олардың негізгілеріне: дәріханалық қойманың меңгерушісінің кабинеті, бухгалтерия, қызметкерлердің киініп шешінетін және тамақ ішетін т.б. бөлмелері жатады.
Дәріханалық койма орындайтын қызметтеріне сәйкес келесі жабдықтармен және инвентарлармен қамтамасыз етіледі:
тауар сақтауға арналған стеллаждар;
тоңазытқыш камералар;
тауарларды түсіру-тиеудің механикаландырылған құралдары;
ауа параметлерін тіркеу құралдары;
ағаштан және металдан жасалған шкафтар (сейфтер);
жұмыс столдары мен отырғыштары;
арнайы және сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау шкафтары.
Дәріханалық қойманы жоғарғы фармацевтикалық білімі және үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибелері бар мамандар басқарады.
Дәріханалық қойманың құқықтық-ұйымдық формасы және жұмыс істеу уақыттары көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Қоймаларда фармацевтикалық қызмет түрін атқару үшін берілген рұқсат лицензиялары жоқ басқа юристік және жеке тұлғалардың дәрілік заттарың уақытша сақтауға тиым салынады. Көтерме сауда арқылы дәрі-дәрмектерді сату-босатудың негізгі жағдайларына жататындар:
дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін камтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды қабылдау, тасымалдау және сақтау;
дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат лицензиялары бар тауарөндіруші ұйымдардан, юристік және жеке тұлғалардан алу;
дәрі-дәрмектерді фармацевтикалык және медициналық қызметтермен айналысуға рұқсат лицензиялары бар юристік және жеке тұлғаларға босату;
сапасы Қазақстан Республикасы сертификаттарымен расталған дәрілік заттарды босату;
дәрі-дәрмектерді көтерме сауда арқылы босату жұмыстарын ұйымдастыруда Дәріханалық тәжірибеге тиісті салалық стандарттарды енгізу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *