География сабағында қолданылатын жаңа технологиялар.

География сабағында қолданылатын жаңа технологиялар.
Дәріс мақсаты: “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы” оқушыларда өз елінің табиғи, әлеуметтік және экономикалық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, оның табиғат жағдайларымен ресурстарының әр алуандылығын ашып көрсету. Курсты оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар еліміздің табиғи, әлеуметтік және экономикалық проблемаларына бағдар жасай алуы тиіс.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.“Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы” оқулығының құрылымы мен мазмұны.
2. “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы” курсын оқыту жөніндегі жалпы әдістемелік нұсқаулар.
3. Сабақ өткзудің әдіс тәсілдері мен сабақ түрлері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың мақсаты және оқытудың бiлiмдiлiк, тәрбиелiк, дамыту мақсаттары. Курстың оқушыларға экономикалық, экологиялық білім берудегі маңызы.
Курстың құрылымы және мазмұны. Курс бөлімдері “Қазақстанды экономикалық-географиялық тұрғыдан шолу” және “ Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының географиясы”, олардың өзара байланысы, құрылуы мен мазмұндағы ерекшеліктер. Курстың жалпы ұғымдар жүйесі, экономикалық географиялық байланыстардың түрлері, іскерліктер жүйесі. Қазақстанның физикалық географиясы пәнімен курс аралық химия, физика, биология және тарихпен пән аралық байланыстар. Курс мазмұнындағы оқытудың өлкетану принципін жүзеге асыру.
Біліммен іскерлік қалыптастыру.Оқушылардың білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар. Оқушыларды экономикалық карталар, статистикалық материалдар, экономикалық географиялық және экономикалық есептерді шығаруға, мезгілді баспалар материалдарымен жұмыс істеуге үйрету.
“Қазақстанның экономикалық географиялық тұрғыдан шолу”оқып үйрену. Экономикадағы шаруашылық салалары мен экономикалық географиялық нысандарға сипаттама берудің қалыптасқан жоспарын қолдану. Курстың осы бөлімінде жалпы ұғымдарды қалыптастыру әдістері; оқушылардың топ серуен кезіндегіжергілікті жердегі кәсіпорындар жайында алған білімдерін сабақта қолдана алу.
“ Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының географиясы” бөлімін оқып үйрену. Жаңа ұғымдарды қалыптастыру әдістері.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *