Географияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеттері.

Географияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеттері.

Глоссарийлер: Географияны оқыту әдістемесі. Білімділік, дамытушы, тәрбиелік мақсаттары. Дидактика. Педагогикалық эксперимент. Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері. Білімдер, біліліктер, түсініктер, себебі мен салдар байланысы, теориялар. Репродуктивті, суреттеп түсіндіру, мәселені мазмұндау, бөлшекті ізденіс, зерттеу әдістері. Индуктивті, дедуктивті. География сабақ типтері. Экскурсия.
1Тақырып. Географияны оқыту әдістемесі – пәні.
Дәріс мақсаты: Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың арасындағы ерекшелігін анықтау. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысын анықтап салыстыру. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістеріне талдай жасай алу.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бірі. Оның зерттейтін басты мақсаты және проблемалары.
2. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы.
3. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл.
4. Әдістеме ғылымының қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бірі. Оның зерттейтін басты мақсаты және проблемалары. Географияны оқыту әдістемесі зерттейтін басты мәселе өсіп келе жатқан жас ұрпаққа физикалық және экономикалық географияның негізін геология, экономика, демография сияқты кейбір жақын ғылымдардың элементтерімен қосымша беру болып табылады.
Географияны оқыту әдістеме курсы студентерді педагогикалық ғылымға, әртүрлі топпен жұмыс істегенде тәсілдерді ойлауға, алуан түрлі міндеттердіә әдіспен шешуге педагогикалық іскерліктерін, педагогикалық мамандану жүйесінде жүргізуге тек географияны оқыту әдістеме дұрыс бағыт бере алады.
Дидактика – педагогикалың бір саласы, оқыту үрдісіндегі негізгі теориялық ұйымдасуын, заңдылықтарын, принциптерін әдістерін зерттейді.
География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу.
Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеуді құру логикасы. Әдістеме ғылымының қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі: зерттеудің ғылыми-теориялық негізі. Оқушылардың географияны оқыту әдістемсі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *