Біз шаншар

Біз шаншар

Біз шаншар (салт). Кең байтақ қазақ даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі — «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «жаушы» осы «біз шаншар» салтын қалдырды. Ақсақал, қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерден шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *