Биебау

Биебау

Биебау — шалғын көкорай,
Күркірей аққан көк өзен.
Шұрқырап жатқан құлын-тай,
Жарыса шапқан желменен.
Биебау — иісі аңқыған
Саумалға толған үр көнек.
Татпағандарды таң қылған,
Қымыздың дәмі бір бөлек.

Ел жайлауға түгел шығып болып, көңілдері жай тапқаннан кейін жылқылы үйлердің әйелдері сабаларын ыстап, қор жинап, қымыз ашытудың қамына кіріседі. Бұл әзірлік біткен мезгілде желі тартылып, бие байлайтын орыңдар тандалады. Шынында бие байланбайды, құлын байланады. Енелері қиып кете алмай, шырғалаңдайды да жүреді. Соңдықтан желі тартылатын жер Биебау деп аталады. Бұл маң шөбі шүйгін, суы жақын, самал соғып тұратын жер болуы керек. Ноқтаға үйренбеген асау құлындар қиналып азап шекпеуге тиіс. Тұмса биелер балажан келеді. Құлынынан ұзамай, желіні айналшықтап жайылады. Шөбі мол болса, биелер тойынады да, жақсы ийді.
Алғаш бие байлаудың өзі қазақ салтыңда бір мерей. Оған арнайы әзірлік жүргізіледі. Жігіт-желең бұл күні ерте тұрып, жарау аттарды ерттеп мінеді. Өрістен айдап келген жылқыларды шашау шығармай биебау басына иіреді, шашыратпай қайырмалайды. Қолдарыңда құрығы бар жігіттер жаяулап жүріп, құлындарды бір-бірлеп бұғалық салып ұстайды. Ырыққа көнбей тулаған асау құлындармен алыса жүріп, басына ноқта кигізеді. Еркіне қоймай жетелеп апарып, желі арқанға тұқыртып байлайды.
Барлық құлып байланып біткен соң, әжелер бастаған қыз-келіншектер жігіттерге сусын ұсынады. Желі басына дастарқан жайылады. Әжелер дұғаларын оқи жүріп, тәңірден молшылық сұраған тілеумен желінің екі басына қағылған қазықтарға ырымдап айран құяады. Содан кейін жиналған жұрт дастарқан басына келіп отырады. Ел қадірлейтін қария ақ батамен дастарқаңды ашады:

Өрісіңе мал толсын,
Ақ тілеуің жар болсын.
Көре алмаған бағынды,
Сындыра алмай сағынды,
Бетін басып жер болсын.
Ит пен құсқа жем болсын!
Балалардың саны өссін,
Абырой мен бағы өссін!
Қорған болса халқына,
Ел сүйінсін даңқына!
Білектері талмасын,
Жүректері сазбасын!
Қалаған тілеулерінді
-Қасындағы елден берсін,
Басып жүрген жерден берсін!..

Игі ниетке арналған ас ішіліп болғаннан кейін тағы бір келелі іс атқарылады. Бұл жұмыс — асау үйрету. Жігіттер асау аттарды, естияр балалар мен бозбалалар асау тайлар мен құнаңдарды үйретуге қамданады. Асауларды ұстау үшін атқа мықты, епті жігіттер тандалады. Бойдақ жылқылар желі басынан аулақтау, оңаша жерге иіріледі. Үйір ішіндегі асаулары жүйрік ат мінген жігіттер құрық салып бұғалықтап немесе ұзын арқанмен шалма тастап ұстайды. Жүген-құрық тимеген шу асаулар да үйретіледі. Үріккен асаулар топтан бөлініп шығып, ешкімді маңайлатпай ыға қашады. Ондай жылқы қашаған аталады. Алғыр ат мінгендер өкшелей қуып жүріп дінкелетеді.
Асау тайларды үйрету үшін әзірленіп тұрған балалар қайратты жігіттердің көмегімен іске кіріседі. Аспанға шапшып мөңкіген асауларды қарулы қолдар тұқыртып шұралайды да, желкеден басады, жеңіл ер ерттеледі. Мұңдай асауға өзінің атқа мықтылығына сенімділер мінеді. Арқасына таңылған ерді түсіріп тастау үшін асаулар мойнын ішке алып тулай жөнеледі. Кейде орғып, кейде басын тұқыртып меңкиді. Тағылық танытып, қайсарлана қарсыласады. Мықты, епті жігіттер бұған ырық бермейді. Асаумен арпалысқа түскен жігіттердің қайратын, айласын елдің бәрі тамашалайды. Тіпті дауыстаған қолдаулар да, тәсіл айтушылар да, жанкүйер-лік етушілер де көп. Мықтылар мақталып жатады. Асауға мінген жігіт қасарысқан арпалыста жылқы мінезінің қыбын тауып, тәсілін асырады. Ырқына көндірудің амалын жасайды. Батыл қимылмен елдің назарын аударады. Үлкен кісілер алғысын айтып жатады. Асау үйрету әдетте екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Асау үйретуші тапқыр айла-тәсілімен көрінуі керек: жылқыны босқа қинамай, екшеп жөнге көндіруге тиіс. Ұрып-соғып көңдіргісі келушілердің қылығы дөрекілік саналады. Малды бұзады деп тыйым салады. Бұл жұмысқа қайта жегілуіне жол берілмейді. Дойырлыққа, қара күшке асау да көнбейді. Мәпелеу, еркелете сипалау арқылы асаудың да қытығын жазып, мінезін жұмсартады. Осы тұрғыдан әр жігіт өзінің беделін асыру үшін де аянбайды. Жылқы мінезін ұғына білу — жігітке бедел. Бұл іс те жігітті сынға салатын қызықтың бір түрі. Бұл әрекеттің тіршілік үшін де мәні зор. Осы арқылы мініс көліктері көбейеді, жұмыс күші артады. Ересек балалар асау тайларды үйретеді. Олар да өздерін болашақ асау үйретушілердің қатарына қосуға дайындалады. Осылайша жұрт та қызыққа батады. Бұл да ел көңілін ашатын ойын.
Биебау басынан басталған қызық асау үйретуге жалғасқан соң әрі созылады да, қара терге малынған асаулар да жуасып көңдігуге бет алады. Енді мама ағашқа байланып, тынықтырылып, суытылады. Әбден ентігі басылып, тері қатып, қызуы тарады-ау деген шамада тай-құнандарды босатып, жылқыға қосып жібереді де, мініс көрмеген ірі асауларды арқандап не тұсап қойып, толық бастыққанша тақымнан босатпайды. Кейде атты жүріс қабілеттілігіне қарай ұзақ пайдаланады.
Бие саууға шыққан әйелдердің көнектерін не ағаш шелектерін білектеріне іліп, биебау қасына қарай жүрісі биелер ағытылғанша тынбайды. Оларды төңіректеп балалар жүреді. Көнек толы саумалдың балдай тәтті көбігін жалауға әуес. Өйткені бұл да биебаудың алғашқы дәмі. Шалғынға жайылған биелердің бұл тұстағы сауыны да жиі болады. Үйіндегі сабалардың бүйірі шығып, бірте-бірте толып, тырсия береді. Ашыған қор ашытқы ретінде құйылады да, сабаларды балалар, үлкен кісілер жиі-жиі піседі. Сол арқылы қымызды ширатып отырады. Пісілуі сирек болса, қымыз іріп, ірімтіктеліп кетеді. Бұл ішуге жарамайды. Пісу — қымыздың бабын асырады.
Осылайша келесі күні-ақ қазақтың көпке ортақ дәмі қымыз дайын болады. Адамдар үй мен үйді аралай жүріп қымыз ішеді. Бұл жүріс секет саналмайды. Бие байланған үйлердің есігі кімге де болса ашық тұрады. Келген кісілерге қымыз құйылады. Бұл –қазақтың бұлжымас салты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *