Ашамайға мінгізу

Ашамайға мінгізу

Ұл бала қара табан болып, жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есіл-дерті дүзге, малға ауады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап, сұлу көрініске үйір болып, үйден ұзамауға тырысады.
Қашан да тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін бала керек. Бала болғанда — ұл.
«Бір ұлы бардың бір ру елде малы бар, екі ұлы бардың екі ру елде малы бар. Үш ұлы бардың төрт ру елде малы бар. Бес ұлы бардың төбеден салған жолы бар, алты ұлы бардың алладан басқада несі бар» деп Еркенекті Саршуаш би айтқандай, казақ үшін баланың көптігі жақсы. Баласы көп болса, той-томалақты да көп жасайды. Олардың тез ер жетуіне асығады. Біз сөз етпек ашамайға мінгізу осы асығыстың алды.
Ашамай — ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстіңде жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауыл қалмасын деп басыңда қол-аяғын байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қаныңда бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ер-тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады.
Өмірінің қақ жартысы ат үстіңде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді.’
Бұл той әр әке-шешенің шама-шарқына қарай болады. Байлар ірі-қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатыңдай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына бәсіре атайды. Жоқтар колындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын ала атап қояды.
Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты деген сөз — азаматтың бастамасы: Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскеңдіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңынан ерте ілеседі. Бұл тіршіліктін бәрі бұрын қазаққа атпен бітетін. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады, Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп, елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жау-мен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер. Бұған бейімделмеген бала ер жеткенде:
«Астына ала шолақ ат-мінгізсең, Алты ай мініп арытпас. Қолына қырық найза, оқ берсен, Дұшпанға бірін атып, дарытпас» — дегендей көп ынжықтың бірі болып шығады. Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылады. Ондай ынжықтарға ұқсамасын деп үлкендер балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы баланы баулу болса, бір жағы осы батаны алу…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *