Асар
Асар (салт). Көптік — құдіреттіліктің бір белгісі. «Көп түкірсе — көл» дегеңді айтқан қазақ қаңдай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырымалдығын, ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіңдегі күш-қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға камқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесіңде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халге түссе де ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным — арымның садағасы» дейтіні содан. Қаңдай қамқорлық жасалса да, сол адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі -асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желендері жабыла қолқабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар асар деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасыңда шаруасын тыңдырып алады.
Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын-жұрты мұны қостайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттаңдыратыңдай дәрежеде дайыңдалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді.
Асар — қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы ету үшін қаңдай қиыңдық болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.