Аманат қою
Аманат қою (ғұрып). «Әбішті жерге, лахатқа Майқан мен Өтегендер өз қолдарымен қойып жатып «Аманат», «Аманат!» десті. (М. Әуезов). Аманат қою «әзірше жерлеу» — деген мағынаны білдіреді. Марқұмды өз жеріне апаруда немесе қатты қыста, ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты өлік аманат қойылады да, кейін тиісті жеріне апарылып, қайта жерленеді. Мұндай жағдай қазақ арасында бұрын жиі болып тұрған. Мысалы, Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман аманат қойылып, артынан сүйегі еліне әкелінген.