Айт

Айт

Айт (діни салт).— «Айт құтты болсын!»—«Айтсын, жақсылығы бірге болсын». (Б. Майлин). Айт мұсылмандардың діни мерекесі. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады.
Құрбан айты да мұсылмаңдардың бас мейрамы. Ол әр жыл зұлхижжа (маусым) айының 10 күні басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижжа — қажы-лыққа баратын ай).
Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып, яғни құрбан шалады. «Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы. Әрбір пенде өзінің Алла тағалаға рухани да, дүниелік те жақындығын, яғни қалтқысыз адалдығын көрсету үшін белгілі бір уақытта аты аталып шалынатын мал құрбандық малы делінеді («Мұхтасар» 147-бет). «Құрбанға жарайтын хайуандар: қой, ешкі, сиыр және түйе. Бұлардан басқа хайуандардан құрбан болмайды («Ғылымхал» 97-бет. Ыстанбул — 1991 ж). Қой, ешкі, сияқты ұсақ малдарды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбандыққа шалуына болады: Оларға «Құрбандық қабыл болсын»— дейді. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі.
Айт күндері адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды. Ашу — араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күні, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады.—«Айт күні қайтқаны тілеулері дұрыс екен бишаралардың»… (Б. Майлин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *