Әруақты еске алу
Үші, жетісі, қырқы және жылын беру (дәстүр). Ересек адамдар қайтыс болған соң үшінші, жетінші, қырқыншы күні әруақ еске алынып, аталып өтеді. Арнаулы мал сойылып, алыс-жақыннан ағайын, жақындары келіп дұға оқиды. Мал әкеліп, бата қылады. Жоқтау айтылады, әруақтың жақсы істері, қасиеттері әңгіме болады. Кейінгі ұрпақтарына, жақындарына тілектестік білдіреді. Марқұмның басына ескерткіш белгі орнатылады.
Адам қайтыс болған соң бір жыл толғанда оның жылы беріледі, дұға оқылады. Бұл марқұмға көпшілік болып жасалатын соңғы құрмет. (Бұдан кейін еске алуды отбасы өздері жасай береді). Жылынан соң қаралы үй қалыпты жайға көшіп, қызықты өмір тіршілігіне араласады.
Мұндай рәсімдер сәбиге жасалмайды. Жасалған күнде де отбасы болып атап өтеді.