Шашыратқы

Шашыратқы

Мал басының есімі мен амаңдығы қашан да береке мен қуаныш кепілі. Сондықтан да малдың қас-қабағына ден қойған шаруақор бабаларымыз «күйек алу» қойға қошқар қосу науқанына айрықша мән беріп, үлкен үміт-тілекпен кіріспек.
Қазақ малшыларының тәжірибесінде үркер туатын қазан айының аяғына қарай қошқардан күйек шешіледі. Күйек алу үшін әдетте сәтті күн деп сәрсенбі, бейсенбі, жұма сияқты күндер тандалады. Сол күні тілеуқор аналарымыз малдың басына келіп, «іске сәт» деп, малдың қысыр қалмауына тілектестігін білдіреді. Сол жерде шашу шашып, малшылардың көңілін жадыратады. Шашу табағының ішінде әдетте бірер уыс тары болады. Отар иесі сол тарыны уыстап алып, бір саулығын ұстайды да, «төл тарыдай көп болсын!» деп әлгі тарыны қойдың алдына қояды. Ал кешке қарай жаңағы тілеуқор анамыз малшыларға шашыратқы деп аталатын тағам таратады.

2.2.3 Исламға, имандылыққа байланысты және қаза болғанда жасалатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *