Әскери кафедраның оқу материалдық базасын ұйымдастыру
185. Әскери кафедраның оқу материалдық базасы – бұл материалдық пен техникалық құралдың комплексі, белгіленген мамандықтар бойынша студенттер қатарынан запастағы офицерлерді дайындауды қамтамасыздандыратын ғимараттар мен құрылыстар. Олар қарастырылған оқу жоспарлармен және бағдарламалармен сапалы өткізілетін барлық сабақтарды қамтамасыз ету, оқытылатын материалдарды студенттер толық игеру, олармен иеленген командалық, әдістемелік пен тәжірибелік дағды және әскери істің, ғылымың, техниканың және қазіргі оқыту әдістеменің даму дәрежесіне сәйкестену қажет.
186. Әскери кафедраның оқу материалдық базасының негізгі элементтері болып:
1) оқу қару-жарақ пен оқу әскери техника, зертханалық жабдық, оқу-жаттықтырғыш құрылғылар, есептеу техникасы, оқыту оқу құралдары, құралдар, көрнекті құралдар мен басқа әскери-оқу мүліктер;
2) аудиториялар (дәріс залдары), сыныптар, кабинеттер, зертханалар, кітапханалар, оқытушылар бөлмелері, әскери-техникалық мүлік, қару-жарақ сақтау, құпия құжаттармен жұмыс жасау үшін бөлмелер және басқа да оқу мен оқыту-тәрбиелеу бөлмелері;
3) жалпы әскери мен арнайы дайындық бойынша бағдарламаларды өтеу үшін арнайы оқу-жаттығу кешендері, оқу городкалары (атыс, инженерлі, химиялық, қарауылдық, радиополигондары, кіп-кішкене полигондар және т.б.) атыс тирлар, саптық алаң мен басқа объекттерарналған;
4) оқу шеберханалары, автокөлік көлікжай, парктың элементтері, әскери техникаларды, қару-жарақтарды, құралдарды, әскери-оқу мен басқа да мүліктерді сақтау үшін қоймалар;
5) оқулықтар мен оқу көрнекіліктер, оқу-әдістемелік құжаттар мен басқа материалдық пен техникалық құралдар.
187. Әскери кафедралар қажет кезде ҚР ҚМ әскери оқу орындарының, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамалардың және әскери бөлімдердің дала оқу базасын оқу барысында қолдана алады.
188. Ғимараттың жаттығу алаңы, аудиториялық фонд, оқу зертханалар, оқу бөлмелер, кітапханалар, шеберханалар мен әскери кафедраның басқа да бөлмелері, өзінің қызметін қамтамасыздандыратын әрекеттегі санитарлық нормалар талаптары мен ережелерге сәйкес болу қажет.
189. Әскери кафедралар ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарынан, қазіргі оқу қару-жарақпен, оқу әскери техникамен және әскери техникалық мүлікпен қамтамасыз етіледі.
190. Әскери кафедраның орналасуы құпия режимінде әскери кафедра үшін бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскер мен әскери құрылымдардың жалпы әскери жарғысының талабымен ұйымдастыру және ішкі тәртіпті қолдау мүмкіндігі мен аудиторлық фондтан бөлектенуі қамтамасыз етілуі қажет.
191. Әскери кафедрасына бөлінген оқу бөлмелері әскери дайындық бойынша студенттердің өзіндік жұмысы мен сбақтары үшін ғана пайдаланады және бағдарламаларды үйрету пәндері бойынша жабдықталады.
192. Дәрісханалар, зертханалар және басқа оқу бөлмелер оқыту техникалық құрал-жабдықтармен, табельдік қару-жарақ үлгілерімен және әскери техникамен, құрылғылармен, агрегаттармен және олардың үлгілермен жабдықталады.
193. Тәжірибелік икемділікке және шеберлікке баулу мүмкіндігін бере отырып, тәжірибелік дайындықтары үшін оқу-жаттығу комплекстер, оқу қалашықтары және басқа объектер студенттердің алған жоғарғы дала білімдерін қамтамасыздандыру қажет.
194. Оқу процесіне, тәрбиелік пен әскери патриоттық мамандықтарға қатысы жоқ қызметтер үшін әскери кафедраның оқу материалдық база объектілерін пайдалануға тиым салынады.
195. Әскери кафедрада оқу процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін оқу сыныптар саны жеткілікті болу қажет және оқушылар санына, белгіленген әскери-арнайы мамандықтар мен оқу уақытының көлеміне байланысты анықталады.
196. Әскери кафедраның оқу материалдық базасының жетілдіруі мен дамуы келешектік, жылдық жоспарлар және әскери-арнайы мамандықтар құжаттары негізінде жүзеге асырылады.