Әскери дайындықтан шеттету, оқыту үлгісін өзгерту, студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

Әскери дайындықтан шеттету, оқыту үлгісін өзгерту, студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

233. Әскери дайындықтан шеттеу Қазақстан Республикасының заңдарына және Ережелерге сәйкес ЖОО басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
234. Білім алушылар әскери дайындықтан шеттетіледі:
1) үлгермеуіне;
2) тәртіп бұзушылығына;
3) қызметтік және отбасы, сырқаттану бойынша жағдайын қоспағанда, академиялық кезең барысында 16 оқу сабағын жібергені бойынша;
4) өз еркімен;
5) денсаулығына байланысты;
6) оқу ақысын төлемегені үшін шеттеледі.
235. 1)–5) пункттар бойынша шеттетілген білім алушылар, әскери даярлыққа қайта қабылдауғажатпайды.
236. Әскери дайындыққа қайта қабылдану құқығына оқу ақысын төлемегендер ғана ие. Олар оқудан шеттетілу бұйрығы шыққан сәттен бастап, оқу ақысын екі аптаның ішінде төлесе қайта қабылданады.
237. Студентті қайта қабылдау және ауыстыру ЖОО басшысының бұйрығымен іске асырылады.
238. Шығынды көтерушіден шығынды өтеусіз орнына келтіруге ауыстыру оқу түрі ЖОО басшысының бұйрығымен барлық оқу мерзімі процессінде әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.
239. Үлгерімі жақсы студенттерді мадақтауда ЖОО басшысы әскери кафедрада оқу ақысын өтеуге шығынды өтеу негізінде тәртіп орнатады.
240. Шығынды көтерушіден шығынды өтеусіз орнына келтіруге ауыстыру оқу түрі: әскери кафедрада бірінші оқу жылы ағымында рейтинглік баға бойынша, әскери дайындыққа түсуге іріктеу комиссиясы отырысы хаттамасына сәйкес тартылғандар ауыстырылады;
Екінші оқу жылы ағымында – әскери кафедрадағы бірінші оқу жылының қорытындысы бойынша.
Ауыстыруға кандидаттар әскери кафедра отырысында қаралады.
241. Әскери дайындықтан өткен және ЖОО басшысының бұйрығымен басқа ЖОО оқуға бағытталған студенттер (оның ішінде, шет мемелекеттерге) академиялық жұмылдыру оқу бағдарламасы бойынша кезеңінде әскери кафедрадан шеттелмейді.
Осы студенттерге ЖОО келгенде әскери кафедра бастығының бекітуімен әскери дайындықтан өтуге жеке кесте құрылады.
242. ЖОО академиялық демалыс ұсынылған студенттер, академиялық демалыс кезінде әскери дайындықтан шеттетіледі. Академиялық демалыс кезеңі аяқталған студенттер, ЖОО басшысының бұйрығымен әскери кафедраға қайта қабылданады.
243. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын немесе өтеу негізінде бір ЖОО –нан басқаға студентті ауыстыру бұрынғы оқыған әскери –есеп мамандығы бойынша жүзеге асырылады.
Оқуды өтеу негізінде жалғастыру үшін ғана ауыстыру мүмкіндігі бар.
Оқудан шығарылу кезінде осы әскери-есеп мамандығына кандидаттардың болмағандығынан ақысыз негізде оқуға бос орын болады.
244. Әскери кафедраға ауысқан студент БҒД және министрліктер келісімімен, егер осы ЖОО оқу орындары қарауында болса, әскери кафедраға қабылдау ЖОО басшысының бұйрығымен жүзеге асады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *