Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлық тәртібі

Қосымша білім беру бағдарламалары
бойынша әскери даярлық тәртібі

1. Бөлім. Жалпы талаптар

5. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында, сондай-ақ ҚР ҚМ келісу бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау оқытудың бір түрі болып табылады және жеке оқу пәні ретінде оқу жоспарына енгізіледі.
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – БҒД) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау бағдарламасын, қару-жарақтың, әскери техниканың, әскери оқу-жаттығу мүлкінің табелін әзірлейді, оны Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді және әскери даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады.
8. Оқу-жаттығу жиындарынан өтер алдында тәрбиеленушілер медициналық куәландырудан өткізіледі.
Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған тәрбиеленушілер оқу-жаттығу жиындарынан босатылады.
9. Тәрбиеленушілерді оқыту саны 24-30 адам оқу взводтары бойынша жүзеге асырылады, олар 8-10 адамнан тұратын оқу-жаттығу бөлімшелерін қамтиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *