ҚАЗАҚ ТІЛІ
Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл — қоғамның ең маңызды байланыс құралы.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика.
Тарихи тіл білімі — тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы — бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі — дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі — тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.
Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы — когнитивті, белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы — номинативті және т.б.
Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1) еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Семиотика — хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз — бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема — тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын, олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі. Жүйе дегеніміз — өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.
Фонетика — тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық құбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық құбылыстар, инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар. Фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Бағдарламада қазақ тілінің дыбыс жүйесінен берілген теориялық ұғымдар мен практикалық дағдылар жоғарғы оқу орнындағы оқытудың талаптарына сай жасалды. Фонетиканың қарастыратын негізгі нысанасы — дыбыс, әріп, фонема, тіл дыбыстарының пайда болуы, іштей жіктелуі, бір-біріне әсері, ықпалы, буын құрамы, тілдің айтылу және жазылу нормалары т.б. болып келеді.
Лексикологияның зерттеу нысаны — сөздік құрам, яғни лексика. Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология — атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология — тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Лексикография — сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы.
Грамматика — тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы. Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис.
Морфология — сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Қазақ тілі морфоогиясының зерттелу жайы. Грамматиканың зерттеу объектісі, салалары. Грамматикалық ұғымдар. Морфема, оған тән белгілер, түрлері. Қосымша морфема, оның түрлері, өзіндік ерекшеліктері. Қосымшаның мағыналық жағынан ерекшеліктері. Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғау, қолданылуы. Тәуелдік категориясы. Септік категориясы. Сөздердің тұлғалық құрамындарына қарай бөлінуі. Күрделі сөздер, түрлері, белгілері. Сөз таптастыру принциптері. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Зат есімнің жасалуы. Субстантивтену процесі. Зат есімнің мағыналық топтары. Жақтылық және жақсыздық категориясы. Зат есімнің түрленуі. Көмекші есімдер. Олардың мағынасы. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сын есімнің мағыналық түрлері. Сын есімнің шырайлары. Жай шырай проблемасы. Сын есімнің жасалуы. Адъективтену процесі. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сан есімнің мағыналық топтары. Сан есімнің морфологиялық /жасалу/ ерекшеліктері. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты. Есімдіктің мағыналық түрлері. Пропоминалдану процесі. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістіктің жалпы грамматикалық сипаты. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері. Негізгі және көмекше етістіктер. Аналитикалық фарманттар. Күрделі етістіктер. Тіркесті түбір етістіктер. Етістіктің аналитикалық формалары. Қалып етістіктері. Етіс категориясы. Салт, сабақтылық және болымды, болымсыздық категориясы. Етістіктің шақ категориясы. Етістіктің рай категориясы. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері. Етістіктің жақ категориясы. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Үстеу, лексика-грамматикалық сипаты. Үстеудің мағыналық топтары, жасалуы. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Еліктеуіш сөздер. Лексика-грамматикалық сипаты. Сөйлемдегі қызметі. Шылау сөздер /сипаты, түрлері/. Одағай, түрлері. Модаль сөздер. Сөз тудыру тәсілдері. Нольдік форма.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады. Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді. Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі. Аналитикалық байланыс тәсілінің бір түрі – сөздердің орын тәртібі апқылы байланысуы. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс деп есептеледі. Сөз тіркесінің құрылымдық типологиясын жасауда зат есім мен етістіктің алатын орны ерекше. Өйткені сөз тіркесінің құрылымдық ерекшеліктері осы екі сөз табына негізделеді.
Жай сөйлем синтаксистің ең негізгі нысаны болып табылады. Синтаксис, оның ішінде жай сөйлемнің синтаксисі, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық деңгейлерінің тоғысатын орны. Сөйлем – тілдің ең маңызды қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Сөйлемнің өзіне тән белгілері болады. Олардың бірі – құрылымдық белгі. Сөйлемнің екінші белгісі – семантикалық белгі. Бұл семантикалық белгіні предикативтілік деп атайды. Предикативтілік туралы тұжырымның екі түрі бар: Біріншісі – жоғарыда айтылған мазмұнның шындық болмысқа теңестірілуі, екіншісі – сөйлемді құраушы құрақтар ( компонент) арасындағы арнайы қатынас.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыим ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулурден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем- пікірге, бастауыш – субьектіге, баяндауыш – предикатқа негізделеді. Сөйлемнің негізі — предикативтілік каегориясы. Ал предикативтіліктің негізі — бастауыш. Предикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелерді үш топқа – анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөліп қарау ертеден қалыптасқан. Апықтауыштар — өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синтаксистік категория. Толықтауыш субьект қимылының жүзеге асуына себепші , оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты болып, субьект әректін толықтырып, нақтыоай түсетін обьектіні білдіреді. Пысықтауыш сөйлемде, негізінен, етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап анықтап тұрады. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер деп топталады.
Құрмалас сөйлем синтаксисі құрмалас сөйлемнің құрылу заңдылықтарын зерттейлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысының екі түрі бар: салаластық байланыс, сабақтастық байланыс. Салаластық байланыс — грам матикалық тұрғыдан өзара тең дәрежедегі тілдік тұлғалардвң арасындағы байланыс. Құрмалас сөйлемдегі салаластық байланыс предикатив сыңарларының баяндауыш тұлғаларының тиянақтылығымен сипатталады. Сабақтастық байланыс — тілдік тұлғалардың бірінің екіншісіне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да бағынышты қатынаста тұруы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылысында басқаш бір түзілім болатындығы оны жақын тарта келе тануға болады. Аралас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз-тиянақты-тиянақсыз тұлғаларындағы түрі бір қарағанда көп басыңқылы сабақтастық құрылыммен бірдей. Басты өзгешелігі – синтаксистік байланысында болып табылады.
Моногенез теориясы — тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың — сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын — жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылысы мен салаларының заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі — тоғысу, екіншісі — тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз — этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат — әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.
Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу. Жазудың түрлері: шумер жазуы, көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жазуы, кункум жазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы, көне семит жазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, угарит жазуы, арамей, манихей жазулары, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы — генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.
Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип. Ареалдық топтастыру — географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология, ареалдық лингвистикада сөз болады.
Алтай тілдері туралы теория, түркі тілдерінің генеологиясы. Көне түркі жазба ескерткіштерінің табылуы және зерттелуі. Көрнекті түркітанушылар және олардың еңбектері. Көне түркі ескерткіштерінің түрлері. Көне түркі жазуының шығу тегі туралы даулы мәселелер. Көне мәтіндерде кездесетін жалқы есімдер. Көне түркі руникалық алфавиті. Дауыстылар, дауыссыздар. Көне мәтіндерді транскрипциялау, аудару мәселелері. Көне ұйғыр (манихей) жазуы. Көне ұйғыр тілінен тараған жазба тілдер. Қазақ жазуының тарихы және болашағы. Қазіргі түркітану ғылымының бағыттары.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Аралбаев Ж.А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. — Алматы, 1988.
2. Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы. — А., 1995.
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — А., 1973,1978,1993,2002.
4. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. — М.,1996
5. Абаев В.И. О языковом субстрате. — Алматы,1956
6. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996
7. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы, 1957
8. А.Әбілқаев. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. Алматы, 1963
9. Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992
10. Байтұрсынов А. Тіл-құрал. 1-бөлім. Фонетика. Қызылорда, 1926.
11. Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. Алматы, 1996.
12. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері. –Алматы.,2002
13. Б.де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1963.
14. Болғанбаев. Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988
15. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970
16. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1976
17. Балақаев М., Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.
18. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1973
19. Балақаев М., Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1968
20. Бейсенбаева Қ.. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы . — Алматы: РБЖ, 1995.
21. Бияров Б. Өр Алтайдың жер-су аттары. — Алматы, 2002
22. Болғанбаев Ә.. Қазақ тілінің лексикологиясы. — Алматы, 1988
23. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А.,1998
24. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. — Алма-Ата, 1980.
25. Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. — Алма-Ата, 1987.
26. Досмұхаметұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. А., 1992.
27. Джунисбеков А. Глассные казахского языка. 1972
28. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
29. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (Лексика, фонетика). А.,1962.
30. Кеңесбаев І., Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. – А., 1975
31. Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
32. Қазақ грамматикасы. — Астана, 2002.
33. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. — Алматы, 2001.
34. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. — Астана, 2002
35. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы, 1989
36. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. — А, 1995
37. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. — А.,1997
38. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың редукциясы. — А., 1986.
39. Қазақ тілінің грамматикасы (синтаксис). Алматы, 1967
40. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957
41. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. — Алматы, 1977
42. Қасабек Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. Алматы, 1996
43. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1965
44. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімдердің шырайлары. Алматы, 1951
45. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999.
46. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991
47. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1982
48. Радлов В.В. Фонетика северных тюркских языков. — Лейпциг, 1882.
49. Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1983.
50. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. — Астана, Елорда, 2000
51. Серғалиев М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. А., 1996.
52. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. — Алматы, 1960
53. Төлеуов Ә.Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім категориясы. — Алматы,
54. Төлеуов Ә. Сөз таптары. — Алматы, 1982
55. Оралбаева Н., Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі. — Алматы, 1993
56. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау. — Алматы, 1997
57. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. — А., 1985.
58. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. — А., 1991.
59. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971
60. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. — Алматы, 1959
61. Хасенов. Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. — Алматы, 1957
62. Хасенов Ә. Тіл білімі. — А., 1996, 2002
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Халықтың ауызша шығарған сөз өнерін, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылым фольклортану /фольклористика/. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің түрлері, олардың ішінде фольклордың алатын орны және фольклортанудың басқа ғылымдарға (әдебиеттану, өнертану, этнография, тіл-тарих, философия) қатысты. Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты: шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен формулалығы, стильдік өзгешелігі мен шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері. Фольклордағы сюжет пен мотив, қайталаулар мен оның түрлері. Образдардың жасалу жолдары. Фольклордың пайда болу туралы пікірлер және оны зерттеудегі историзм принципі. Рулық қоғамдағы фольклор. Шаманизм, бақсылар қызметі. Қазақ фольклорының және жанрлары: мифтер, аңшылық, төрт түлік туралы әңгімелер мен жырлар, бақсы сарыны, арбау бәдік, алғыс, қарғыс, түрлері рәсімге байланысты өлеңдер, ертегілер, көне эпостар.
Феодалдық қоғамдағы фольклор. Түрі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Ислам дінінің әсері. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысты. Эпостық жырлар, ертегілер мен аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер мен жырлардың қалыптасуы дамуы. Кеңес дәуіріндегі фольклордағы өзгерістер, көне жанрладың тағдыры. Ш.Уалиханов, В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі. Қазіргі зерттелу жайы және классификациялаудың проблемалары, жанрдың сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салты жырларының үй іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.
Абай – қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Ақынның саяси әлеуметтік лирикасы. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Абайдың оқу, білім тақырыбындағы лирикасы. Абайдың ағартушылық қызметі.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес. Оның көркем әдебиетке тигізген ықпал-әсері. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттардың өріс алуы. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болуы.Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған «Оян, қазақ!» (М.Дулатов), «Тілек батам», «Жұбату» (А.Байтұрсынов), «Бостандық» (М.Жұмабаев), «Алаш ұраны» (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс табуы. Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдердің де тууы. Мысалы, аталмыш авторлардың «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Қазағым», «Қарағым», «Шәкірт ойы», «Неге жасаймын», т.б. туындылары. Сондай-ақ, қазаққа тән суырыпсалмалық өнерді Ж.Жабаев, Н.Байғанин, О.Шипин, Н.Бекежанов, Ш.Қошқарбаев, т.б. ақындардың одан әрі дамытуы. Әсіресе олардың айтыстарында тарихи дерек, драмалық тартыс, психологизм элементтері, әлеуметтік құбылыстардың да жымдасып жатуы.
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Тұңғыш рет Қазақстан автономиялық советтік социалистік республикасының құрылуы. С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, С,Шәріпов сияқты қаламгерлердің кеңес өкіметінің идеясын, төңкерістің жетістік-жемісін қабыл алуы. Атап айтқанда, С.Сейфуллинің «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер», «Тергеген болсаң айтайын» (1917), «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар», «Қашқынның ауылы» (1918-1920) өлеңдеріндегі төңкеріс дүрбелеңі, сол кезеңдегі өмір шындықтарының көрініс беруі. Кеңес өкіметінің халықты жаппай сауаттандыру мақсатында мектептер ашып, ұлт тілінде газет-журналдар шығара бастауы. Мәселен, «Қазақ тілі» (Семей, 1919), «Дұрыстық жолы» (Орда, 1919), «Жаңа өріс» (Ташент, 1920), «Тіршілік» (Ақмола, 1918-1919) және т.б. басылымдар. Қазақстанның әр жерінде саясат майданы қызып, қазақтың ұлттық, халықтық сезімінің оянуына көмектескен «Бірлік туы» (Ташкент), «Сарыарқа» (Семей), «Ұран» (Орда) газеттерінің шығуы.
1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), 1928 жылдан «Жас әдебиет» (кейіннен «Әдебиет майданы», «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз») журналының шыға бастауы. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында қазақ поэзиясында сюжетті поэмалардың үлгілері туып, онда бүгінгі өмір мен өткен феодалдық қоғамның келеңсіз көріністерінің орын алуы. Қазақ ауылын колхоздастырып, ұжымдық еңбекке ұйымдастыру бағытында Б.Майлиннің «Қара шелек», «Ұлбосын», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Қырманда», Ғ.Мүсіреповтың «Шұғыла», «Қос шалқар», т.б., Ғ.Мұстафиннің «Кек», «Қан», «Қашқын», т.б. әңгіме, повестерінің жариялануы. Қазақ кеңес әдебиетіндегі роман жанрының алғашқы қарлығашы «Адасқандардың» (С.Мұқанов) дүниеге келуі. Роман оқиғасының дайын штамп-схемаға құрылуы, көркемдік, идеялық кемшіліктері. Қоғамдағы қайта құру, жариялылық, демократиялық процестерге байланысты қатарға қайта келіп қосылған дарынды жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1927-1928) романдары. Олардағы тақырып үндестігі. Осы романдардың басты қаһармандары Қартқожаның («Қартқожа» романы), Ақбілектің («Ақбілек»романы) феодалдық қоғамның қарым-қатынасы қалыптастырған надандықтың, етекбастылықтың, ескі салт-сананың бұғауын бұзып, оқуға, білімге ұмтылуы. Олардың өмірден өз жолын, өз бақытын табуы.
Қазақ кеңес әдебиетінде драматургиялық шығармалардың пайда болып, С.Сейфуллиннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар»(1920), М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» (1917) трагедиясы мен Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Неке қияр» пьесаларының қала, ауыл сахналарында қойылып, ел арасында кең таралуы. Бұл жылдары қоғамдық өмірдің даму барысында бірталай өзгерістердің болуы. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын колхоздастыру республикада ауыр өнеркәсіпті дамыту, КСРО Конституциясының қабылдануы. Қазақстанда бірталай рухани, мәдени өзгерістер болып, Қазақ мемлекеттік университетінің, КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалының, опера және балет театрының ашылуы.
Поэзияда ән-күй, өнер тақырыбына кең құлашты эпикалық дастандардың жазыла бастауы. Олар І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» (1935), «Құлагер» (1935), «Құлагер» (1936), Ә.Тәжібаевтың «Оркестр» (1935), «Абыл» (1940) поэмалары. Лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өз шығармашылығында халық өмірінің шындығына бет бұрып, «Тоқсанның тобы» дастанын, махаббат, табиғат көріністері, балаларға арналған бірталай өлеңдер жазуы. Қазақ әдебиеті үшін тың тақырып — өндірістің әр саласына арналып Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Слановтың «Арман ағысы» романдарының жазылуы. Проза жанрында өмірбаяндық шығармалардың жазыла бастауы. Олар: «Тар жол, тайғақ кешу (С.Сейфуллин), «Менің мектептерім» (С.Мұқанов). Б.Майлиннің проза жанрында өнімді еңбек етуі. Оның замана шындығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін зерттеуден туған, сөйтіп суреткерлік күш-қуатын танытқан «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Колхоз қорасында», «Он бес үй», «Қырманда» тәрізді әңгіме, повестерінде сол кезеңдегі ауыл өмірін суреттеуі. С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботагөз») романының қазақ прозасындағы жаңа сөз екендігі. Оған себеп романның идеялық-көркемдік деңгейінің жоғары болғандығы.
Жазушы Сабыр Шәріповтың Иран жұртының салт-сана, тұрмыс-тірлігі негізінде «Рузы Иран»(1935), «Ләйлә»(1936) повестерін жазуы. «Бекболат» (1937) повесінде қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын сипаттауы. М.Әуезовтың ауылдық жердегі тап жауларының іс-әрекетін, оларға қарсы бұрын жалшы, малшы болған адал азаматтардың күресін суреттеген «Құм мен Асқар» (1934), «Іздер»(1932), «Шатқалаң»(1935), «Бүркітші»(1937) әңгімелерін жазуы. Автордың жаңа өмір құруға талаптанған замандас бейнесін сомдауға ұмтылыс жасауы. Ғ.Мүсіреповтың әңгіме жанрындағы алғашқы сәтті қадамдары. Оның қазақ ауылдарын колхоздастыру мәселесіне арнап «Талпақ танау», «Күсен», «Шұғыла», «Бір адым кейін, екі адым ілгері» әңгімелері.
1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақ жазушыларының қаламын қаруға айырбастап майданға аттануы. А.Жұмағалиевтың, Б.Бұлқышевтың соғыста қаза табуы. Осы кезеңдегі қазақ поэзиясының басты тақырыбы – Ұлы Отанды қатыгез, зұлым жаудан қорғау, бүкіл елді майдандағы сарбаздарды жеңіске деген сезімге жігерлендіру болғандығы. Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград», Ж.Саинның «Айтылмай кеткен аманат», «Партизандар», «Жаралы партизан жырлары», Қ.Аманжоловтың «Байкал», «Ақын өлімі туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары. Халық поэзиясының дәстүрлі жанры – айтыстың қайтадан жандануы.
Осы жылдары туған бірсыпыра поэмалардың Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар өмірінен алынып жазылуы. Жаңа герой жасауға талпыныс Н.Баймұратов («Ер Төлеген»), Н.Байғанин («Ер туралы жыр»), Қ.Жапсарбаев («Сеңгірбаев Мұсабек»), М.Хакімжанова («Мәншүк»), Д.Әбілев («Майданбек»), Қ.Сатыбалдин («Әлия») және т.б. Осы тақырыпқа жазылған өлең-жырлардың елде қалың тылда жанқиярлықпен еңбек еткендердің ерлігіне арналуы. Ж.Жабаевтың «Темір тұлпар мінген қыз», А.Тоқмағанбетовтың «Мұнай бер», «Қызыл Тулы жайлау», Ә.Тәжібаевтың «Қарағанды шахтерлеріне», Ғ.Ормановтың «Жар жалауы», «Жылқышы» шығармалары.
Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романының жазылуы. Шығармада 30-шы жылдардағы және соғыс кезіндегі елеулі қоғамдық құбылыстардың қамтылуы. Автордың коммунистік идеологияның әсерімен жалған тартысқа бой ұруы. 1942 жылы М.Әуезовтың «Абай» романының бірінші кітабының басылып шығуы. Бұл кітапта ХІХ ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік-психологиялық, мәдени өмірінің Абайдың балалық, бозбалалық шағымен байланыста суреттелуі. С.Мұқановтың «ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің очеркі» атты еңбегінің басылуы. Бұл кезеңде қазақ әдебиеті тарихының, жекелеген жанрлар табиғатының кең көлемде зерттеле бастауы.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі өркендету, елдің әл-ауқатын арттырудың бейбіт дәуір жүктеген негізгі міндет болғандығы. Бұл жылдары Қарағанды, Жезқазған, Теміртау сияқты ірі өндіріс орындары көркейтіліп, Соколов-Сарыбай комбинатының құрылысы қолға алынды. 1954 жылдың көктемінде қазақ даласында тың және тыңайған жерлерді игеру жорығы басталып, молшылық қазынасын жасау ісінің еңбек тарихында жаңа беталысқа айналуы. Халық шаруашылығын өркендетудегі жаңа дәуір бағдарламасының адамдардың саяси ой-өрісін жетілдіруді талап етуі. Соған сәйкес идеологиялық жұмысқа айрықша мән беріліп, саяси-тәрбие ісінің тың жолға қойылғаны.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қазақ әдебиетінің дамудың жаңа дәуіріне енуі. БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы (1946), «Драмалық жанрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» (1946), Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Республика партия ұйымдарындағы идеологиялық жұмыстың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» (1951) қаулыларының көркемдік шеберлікті коммунистік идеологияға бағындырып, шындықты бұрмалап, өрісті өнерге нұқсан келтіруі. Жазушылар съездері мен онкүндіктердің әдебиетті өркендетуге бағытталған шаралары.
Осы жылдары поэзияға бір топ талантты жастардың келуі. Олар: Ғ.Қайырбеков, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров, Қ.Шаңғытбаев, З.Шүкіров, т.б. Еңбек адамын жырлаудың бұл кезеңде ерекше орын алғаны. Шығармашылық іздену мен жаңа образдар табуда біраз жемісті нәтижелердің байқалуы. Тың игеру саяси-әлеуметтік, қоғамдық-экономикалық бетбұрыс ретінде танылып, оған С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды аға қаламгерлердің, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев, С.Шаймерденов, Ә.Нұршайықов тәрізді таланты жазушылардың атсалысып, очерк, әңгіме, пьесалар жазуы. Бұл дәуірде халық ақындарының да белсенді еңбек етуі. Майданнан оралғандардың бастан кешкен ерлік хикаяларын суреттеудің жаңа кезеңінің басталуы.Қазақ поэзиясын идеялық-көркемдік жағынан Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Ж.Молдағалиев, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, С.Мәуленов, Т.Бердияровтардың жаңа биіктерге көтеруі.
Сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Оның әдебиет тарихымен, әдебиет теориясымен байланысы және айырмашылықтары. Сынның эстетикаға, журналистикаға жақындығы. Әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын орны. Сыншылық өнер мен сыншының принциптілігі. Әдебиет классиктерінің сын туралы пікірлері. Сын тарихы. Қазақстандағы әдеби сынның тарихына арналған еңбектер. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері. Халықтық эстетика. Фольклор мен халық әдебиетіндегі көркем сөздің рөлі. Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің көркемдік танымы. Абайдың эстетикалық көзқарасы. Қазақстандағы әдеби теориялық ой-пікірлердің дамуы. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың бұрынғы еңбектері. Әдеби стиль (Қ.Жұмалиев), өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясы (З.Ахметов), сөз өнері (З.Қабдолов) жайлы зерттеу кітаптары. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі күйі, проблемалары. Тәуелсіз елдің әдебиетіне, ғылымына қойылатын талаптар мен алдағы міндеттер.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абай эциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.
2. Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954.
3. Абайды оқы, таңырқа.-Алматы.Ана тілі,1993.-160 б.
4. Абай және қазіргі заман.-Алматы: Ғылым , 1994.-336 б.
5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б.
6. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы. Шығармалары – А, 1989/
7. Әдеби мұра және оны зерттеу . Алматы,1959.
8. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
9. Әуезов М.Әр жылдар ойлары. Алматы,1959.
10. Әуезов М. Жиырма томдық шығ. жин. Алматы,1979-1985
11. Әуезов М. Абайды білмеин парыз ойлы жасқа. — Алматы,1997. — 416 б.
12. Әуезов М.Абайтану дәрістерінің дерек көздері. — Алматы, 1997. – 448 б.
13. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы,1966.
14. Байтұрсынов А. Шығармалар. А, 1989.
15. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. Алматы, 1971.
16. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы – А, 1971.
17. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір – А, 1966
18. Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет.-А., 1984.
19. Бейімбет Майлин творчествосы. — А, 1966
20. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979.
21. Базарбаев М,Нарымбетов Ә. Қаһарлы күндер әдебиеті – А, 1968
22. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург, А, 1982
23. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров – А, 1965
24. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002.
25. Ергөбеков Қ. Баянғұмыр. – А, 1991
26. Елеукенов Ш. Мағжан. Өмірі мен шығармагершілігі – А, 1995
27. Жуковский В.А.- критик. Москва, 1985.
28. Жармағамбетов Қ. Ж.Жабаевтың өмірі мен творчествосы – А, 1955
29. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
30. Кәкішұлы Т. Мағжан- Сәкен. Алматы, 1999.
31. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы, 1986
32. Қабдолов З. Екі томдық шығармалар. Алматы, 1983.
33. Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958.
34. Қирабаев С. Талантқа құрмет. Алматы, 1988.
35. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. А, 1993
36. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т. III, 1 – кітап – Алматы: 1967
37. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин — А, 1974
38. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы, 2001.
39. Қирабаев С. Қазақ кеңес дәуірінің әдебиеті.- Алматы,2001.
40. Қирабаев С. Аймауытұлы Жүсіпбек.-Алматы,1993
41. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І,ІІ т. — А., 2002.
42. Кәкішев Т. Мағжан-Сәкен.- Алматы,2001.
43. Кенжебаев Б. Жамбыл – қазақ халқының жыршысы – А, 1955
44. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980.
45. Мұстафин Ғ. Ой әуендері. Алматы, 1978.
46. Мүсірепов Г. Суреткер парызы. Алматы, 1970.
47. Мырзахметов М. М. Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982.
48. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы:Дәуір, 1993-224 б
49. Мырзахметов М. Абайтану тарихы.-Алматы:Ана тілі, 1994.-132 б.
50. Мырзахметов М. Әуезов және Абай.-Алматы. Қазақстан. 1997.
51. Мұқанов С. Жарық жұлдыз.- Алматы:Санат,1995.-272 б.
52. Нұрғали Р. Әуезов және алаш. Алматы, 1997.
53. Майтанов Б. Мұхтар Әуезов – суреткер. – Алматы, 1996.
54. Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы, 1960.
55. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2002.
56. Нұрғали Р.Трагедия табиғаты.-Алматы,1968.
57. Нұрқатов А. Ғ. Мүсіреповтың творчестволық жолы – А, 1962
58. Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелілігі – А, 1991
59. Сағынбекұлы Р. Жүсіпбек. – А, 1997
60. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия – А, 1960
61. Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
62. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.