Қабынумен иммундық процесс бұзылысының үнемді терапиясының негізгі принциптері
2. Мақсаты: Студенттерді қабынумен иммундық процесс бұзылысының үнемді терапиясының негізгі принциптерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері. Қабыну ағзаның әртүрлi экзогендi және эндогендi зақымдаушы факторларға (мыс. бактериальды, вирусты және паразитарлы инфекциялардың қоздырғыштары, с.б. аллергиялық, физикалық және химиялық агенттер) әмбепап реакциясы болып табылады.
Қабыну – көптеген эндогендi заттармен реттелiнетiн күрделi процесс. Ол заттар қабынуға қатысатын әртүрлi жасушалы элементтермен (мес жасушалары, полиморфты-ядерлi лейкоциттер, моноциттер) өңдiрiледi. Олар простаноидтар, лейкотриендер, азот тотығы, тромбоциттердi белсендiретiн фактор, гистамин, кейбiр интерлейкиндер секiлдi биологиялық белсендi заттарды өндіреді.
Қабынуға қарсы дәрiлердi құру кезiнде үлкен қызығушылықты қабыну үрдiсiне қатысатын жасушалардың жасушалы мембраналардың фосфолипидтерiнен биологиялық белсендi заттардың түзiлуiне әсер ететiн заттар алады. Бұл заттардың негiзгi бағыты келесiге жүктеледi:
• Простаноидтарды (простагландиндер, тромбоксандар), лейкотриендердi, тромбоциттердi белсендiретiн факторлардың түзiлуiн бақылайтын А2 фосфолипазаны тежеу.
• Простаноидтардың биосинтезiн реттейтiн циклооксигеназаны тежеу (бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер).
• Простаноидты рецептерлердi блокадалау.
• Лейкотриендердiң түзiлуiне қатысатын 5-липоксигеназаны блокадалау.
• Лейкотриендi рецептерлердi блокадалау.
• Тромбоциттердi белсендiретiн фактормен әрекеттесетiн рецепторлердi блокадалау.
Қазiргi уақытта практикалық мәндi алғашқы екi топтар алады.
Қабынуға қарсы дәрiлер химиялық құрылысы бойынша стероидты және бейстероидты деп бөледi.
Стероидты қабынуға қарсы механизмi арахидон қышқылының синтезiне қажеттi А2 фосфолипазаны тежеумен байланысты.
Бейстероидты қосылыстарға циклооксигеназаға тежеушi әсер көрсетiп, простаноидтардың биосинтезiн төмендететiн заттар жатады. Циклооксигеназаның (ЦОГ) — 1 және 2-шi типтi 2 түрi бар. ЦОГ-1 кәдiмгi жағдайда түзiлiп, ағзада простаноидтардың түзiлуiн реттейдi. ЦОГ-2 бөлiмi қабыну үрдiсiмен өндiрiледi.
Дәрiлердiң жiктелуi
• ЦОГ-1 және ЦОГ-2-нi таңдамалы емес тежейтiндер
• Салицил қышқылының туындылары- ацетилсалицил қышқылы
• Антранил қышқылының туындылары- мефенам қышқылы, флуфенам қышқылы
• Пиразолон туындылары- бутадион
• Индолсiрке қышқылының туындылары- индометацин
• Фенилсiрке қышқылының туындылары- диклофенак-натрий
• Фенилпропион қышқылының туындылары -ибупрофен
• Нафтил пропион қышқылының туындылары — напроксен
• Оксикамдар: пироксикам
ЦОГ-2-ны таңдамалы тежейтiндер- Мелоксикам
Көптеген бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер (БСҚҚД) қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсiретiн әсерлер көрсетедi.
Анальгетикалық әсерiнiң механимзi — бұл топтардың простагландиндер (ПГ) синтезiне тежеушi әсермен байланысты. ПГ гиперальгезияны шақырады, яғни химиялық және механикалық стимулдарға ноцицепторлердiң сезiмталдығын жоғарылатады. Сондықтан ПГ-р (ПГЕ2, ПГF2, ПГI2) синтезiн тежеу гиперальгезияның дамуын алдын-алады.
БСҚҚД ыстықты түсiретiн әсерге ие. Бұл ПГ-р синтезiнiң бұзылысымен және гипоталамуста орналасқан жылуреттегiш орталығына пирогендi әсерiнiң төмендеуiмен байланысты, әсiресе белсендi пироген ПГЕ1 болып табылады.
Қолдану көрсеткіштері: 1) ревматикалық аурулар 2) буын-қозғалғыш аппараттың ревматикалық емес аурулары 3) неврологиялық аурулар 4) бауыр, бүйрек шаншымалары 5) ауырсыну синдромы 6) қызба 7) артериалды тромбоздарды алдын-алу 8) дисменорея
Қарсы көрсеткіші: БСҚҚД әсіресе асқыну стадиясындағы эрозиялы-жаралы зақымдануларда, бауырмен бүрек функциясының айқын бұзылыстарында, цитопенияда, жекеленген қабылдай алмаушылықта, жүктілікте.
Жағымсыз әсерлері: ішек-қарын трактысы жағынан асқынулар, әсіресе гастроуыттылықты аспирин, индометацин, пироксикам көрсетеді, нефроуыттылық, гематоуыттылық, коагулопатия, гепатоуыттылық, гиперсезімталдылық реакциясы, бронхоспазм.
Бір-бірімен әсерлесу: БСҚҚД тікелей емес антикоагулянттармен пероральды гипогликемиялық дәрілердің әсерлерін күшейту мүмкін, сол уақытта олар антигипертензивті дәрілердің әсерлерін күшейту мүмкін, антибиотик-аминогликозидтердің уыттылығын жоғарылатады.
Қабынуға қарсы дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігінің критериилері: 1) лабораторлы: СОЭ анықтау, қанмен несептің клиникалық анализі, жасырын қанға калдың анализі, асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау 2) параклиникалық: фиброгастроскопия, спирометрия 3) клиникалық: буын аймағының ісінуінің индексін өлшеу, арнайы аспаппен саусақтарды қысу күшін анықтау
Сенсибилизиринген макроорганзим ұлпаларының зақымдалуын шақыратын антигенге патологиялық жоғары иммундық реакцияларды аллергиялық реакциялар деп атайды.
Аллергияның әртүрлi типiнiң дамуында иммуногенездiң 2 механизмi қатысады – антиденелердiң өнiмiмен қамтылған гумаральды, жасушалы, яғни ол кезде көптеген иммунокомпетенттi жасушалар қатысады. Иммундық жауап фагоциттермен, реттегiш лимфоциттер (Т-супрессорлар), эффекторлы лимфоциттер (цитотоксикалық Т-жасушалар, В-жасушалар) және басқа арасында бiр-бiрiмен байланыс қамтылады. Антигенмен активтенген лимфоциттер, сонымен бірге моноциттер және макрофагтар иммундық жауапты реттейтiн және күшейтетiн биологиялық белсендi пептидтi қосылыстарды өңдiредi. Бұл қосылыстар тобын цитокиндер деп атайды. Лимфоциттермен өңдiрiлген цитокиндердi лимфокиндер деп атайды. Цитокиндер үлкен рольдi иммундық реакцияның дамуында болады.
Гиперсезiмталдықтың реакцияларын келесi типтерге бөледi: 1) тез реакциялы 2) баяу реакциялы (2-3 тәул. кейiн пайда болады.)
Тез типтi (ТТ) реакция антигеннiң антиденемен байланысуымен қамтылған.
ТТ аллергиялық реакцияның дамуында үлкен рольдi мес жасушаларымен және базофилдерден гистамин, “баяу реагирлейтiн анафилаксия субстанциясы”, брадикинин, серотинин, ПГ-р, тромбоциттердi белсендiретiн фактор алады. Бұл типтi реакцияға: бронхоспазм, ринит, конъюнктивиттер, есек жем, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Артюс феноменi жатады.
Баяу типтi (БТ) реакциялар жасушалы иммунитетпен байланысты және сенсибилизирленген Т-лимфоциттердiң бар болуына байланысты. Соңғыларының бетiнің макрофагаларында орналасқан антигендi танитын арнайы рецепторлар болады және олармен байланысады.
БТ аллергияда аллергия медиаторы цитокиндер қатары болып табылады. Оларға интерлейкин – 2, лимфотоксин, макрофагтар миграциясын тежейтiн фактор жатады.
БТ аллергияға туберкулиндi реакция, контактылы дерматит, кейбiр аутоиммунды зақымданулардың түрлерi жатады.
ТТ аллергияда келесi дәрiлер топтары қолданылады:
1. Сенсибилизирленген мес жасушаларымен және базофилдерден гистаминнiң және басқа медиаторлардың босап шығуына кедергi жасайтын дәрiлер (глюко-кортикоидтар, кромолин – натрий, кетотифен, β-адреномиметикалық белсендiлiгi бар заттар (адреналин), эуфиллин).
2. Бос гистаминнiң оған сезiмтал ұлпалы рецепторлермен байланысуына кедергi жасайтындар: гистаминге қарсы дәрiлер – гистаминдi Н1-рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин).
3. Анафилактикалық шок типiндегi аллергияның жалпы байқалуларын жоятын дәрiлер: а) адреномиметиктер (адреналин) б) миотропты әсерлi спазмолитикер (эуфиллин)
4. Ұлпалардың зақымдануын төмендететiн дәрiлер. Бұл мақсатпен стероидты қабынуға қарсы дәрiлер қолданады.
БТ аллергияда препараттардың 2 тобы қолданылады: иммуногенездi тежейтiн және ұлпалардың зақымдануын тежейтiн дәрiлер.
Иммуногенездi тежейтін дәрiлер (жасушалы иммунитеттi тежейтiндер) – иммунодепрессанттар: глюкокортикоидтар, циклоспорин, цитоксикалық дәрiлер болып табылады.
Глюкокортикоидтардың иммунодепрессанты әсерi лимфоциттер пролиферация фазасының тежелуiмен байланыстырады.
Тиiмдi иммунодепрессант – циклоспорин (сандиммун). Ол пептидтi антибиотик болып табылады. Интерлейкиндер, γ-интерферон өнiмiн төмендетеді. ІҚТ баяу сіңіріледі.Ұлпаларды және мүшелердi орын алмастырғанда қолданады. Сондай-ақ аутоиммунды ауруларда қолдануну мүмкiн.
Цитотоксикалық заттарға алкилдеушi дәрiлер (циклофосфан), антиметаболиттер (азатиоприн, метотрексат, меркаптопурин) жатады. Иммунодепрессанты әсерi иммуноциттердiң бөлiнуiне тежегiш әсер етуiмен байланысты.
Иммунитеттi тежеу мақсатында азатиоприн қолданады. Продәрi болып табылады. Ағзада одан 6-меркаптопурин түзiледi, ол басқа метаболиттерге айналады. Азатиоприннiң уытты әсерiнiң негiзгi байқалуы-сүйек миiнiң функциясын тежелуi және лейкопенияның дамуы. Аутоиммунды ауруларда (ревматоидты полиартритте, қызыл жегi) қолданады.
Антигистаминдi дәрiлер (Н1-гистаминорецепторлердiң блокаторлары). Бұл дәрiлер гистаминге сезiмтал ұлпалар рецепторларын блокадалайды. Гистамин әсерлесетiн рецепторлардың негiзгi подтиптерi бар: Н1- және Н2 – рецептторлар. Н1- гистаминорецепторлердi қуаттандыру iшектiң бiрiңғай бұлшық еттерiн, бронхтардың, жатырдың жиырылуын шақырады. Гистаминдi Н2- рецепторлар асқазан бездерiнiң секреторлы белсендiлiгiн, жүректiң қызметiн реттеуге қатысады. Н1-рецепторлердi блокадалайтын гистаминге қарсы дәрiлер гистаминнiң келесi түрлерiн жояды: бронх, iшек, жатыр мускулатурасын жоғарлату, АҚ төмендету, гиперемия.
Химиялық құрылысы бойынша келесi қосылыстар қатарына жатады:
Этаноламиндер – димедрол (дифенгидрамин гидрохлориді, тавегил), Этилендиаминдер – супрастин (хлорапирамин), Фенотиазиндер – дипразин (прометазин гидрохлориді, пипольфен), Хинуклидин туындылары – фенкарол (квифенадин), Тетрагидрокарболиндер – диазолин (омерил), Пиперидин т-ры – терфенадин (селдан), лоратидин (кларитин).
Н1-гистаминорецепторлер басқа да қасиеттерге ие: мысалы: димедрол, дипразин, супрастин ОЖЖ-не тежегiш әсер көрсетедi (седативтi, ұйықтататын), тавегил, фенкарол, терфенадин, лоратидин шамалы седативтi әсерге ие. Диазолин ОЖЖ-не әсер етпейдi.
Көптеген дәрiлер анестезирлеушi қасиеттерге ие. Димедрол ганглиоблокаторллық қасиетке ие болып АҚ төмендетеді, кейбiр дәрiлердiң М – холиноблокаторлық қасиетi бар. Қарастырылған дәрiлер энтеральды және парэнтеральды енгізгенде жақсы сiңiрiледi. Димедролдың, супрастиннiң, дипразиннiң, фенкаролдың әсер етуi — 4-6 сағ., тавегилдiң — 8-12 сағ., терфенадиннің- 12-24 сағ., лоратидиннің – 24 сағ., диазолин – 2 тәулік және жоғары.
Қолдануы: есек жем, ангионевротикалық iсiну, ринит, конъюнктивит, антибиотиктердің әсерінен пайда болған аллергия, аз тиімді бронх демікпесінде, анафилактикалық шокта.
Дәрiлердi энтеральды, терi астына, бұлшық етке, күре тамырға енгiзедi.
Жанама әсерi: М – холиноблокаторлық қасиетке ие дәрiлер – ауыз құрғатады. Димедрол, дипразин, супрастин седативтi эффект көрсетедi, терфенадин аритмияның пайда болуына әкеледi. Қолдануға қарсы көрсеткіші: транспорт жүргiзушiлерi, абайлап – бүйрек, бауыр ауруларында.
Бір-бірімен әсерлесу: 1 буындағы антигистаминді дәрілер М-холиноблокаторлардың, синтетикалық тырысуға қарсы препараттардың, нейролептиктердің, үшциклді антидепрессанттардың, МАО ингибиторлерінің, паркинсонизмді емдейтін дәрілердің антихолинергтік әсерлерін потенцирлейді. Антигистаминді дәрілер гипнотикалық дәрілердің, седативті және ұйықтататын дәрілердің, транквилизаторлардың, нейролептиктердің, орталық әсерлі анальгетиктердің, алкогольдің орталық депрессивті әсерлерін күшейтеді.
Аллергияға қарсы дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
4. Иллюстрациялы материалдар
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.
2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.
3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.
4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.
5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.
6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.
7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.
8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.
9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.
10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.
11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.
12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.
Қосымша:
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.
2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.
3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.
4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.
6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.
7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.
8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.
9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.
10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.
11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007
12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.
13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.
14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.
15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.
16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР — Медиа», 2006.
17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.
18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.
19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.
20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.
21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.
22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.
23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.
6. Қорытынды сұрақтары:
1. «Қабыну үрдісі» түсініктемесіне анықтама.
2. «иммунотропты дәрі» түсініктемесіне анықтама.
3. «аллергия» түсініктемесіне анықтама.
4. Аллергияның негізгі медиаторы және олардың патофизиологиялық эффектілері.
5. Қабыну және аллергия процесімен пайда болатын ауруларды атау