ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯ

Әлемнің саяси картасы. ӘСК-ның қалыптасу кезеңдері. Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың, Австралияның және Океанияның саяси картасының құрылуы.
Қазіргі заманғы әлем мемлекеттерінің типологиясы. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша мемлекеттер типтері. Саяси-мемлекеттік басқару және құрылым формалары бойынша мемлекеттерді топтастыру. Қазіргі әлемдегі басқару формаларының географиялық аспектілері.
Саяси-географиялық жағдай -тарихи категория ретінде. Макро-, мезо- және микро- СГЖ. Қазіргі заманғы бір мемлекеттің СГЖ-ын бағалау (МЭК- тің қалауы бойынша).
Табиғи-жағдайларды және ресурстарды шаруашылық бағалау. Табиғи жағдайлар және ресурстар туралы ұғым, олардың классификациясы. Жеке мемлекеттердің және аудандардың мамандануының дамуында табиғи жағдайлар және ресуртардың маңызы. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында әлемдік экономиканың ресурстық қамтамасыз етілу мәселесі. Әлемнің әр түрлі мемлекет және аумақтарында табиғи ресурстарды пайдалану, өңдеу және қорғау.
Қоғам дамуындағы географиялық фактор. Географиялық детерминизм және географиялық нигилизм теориялары. Қоршаған ортаға антропогендік әсер етулер.
Табиғи ресурстарды картаға түсіру.
Табиғи ресурстарды экономикалық бағалауда А.А.Минц және басқа отандық және шетелдік ғалымдардың табиғи ресурстарға экономикалық баға беру жөніндегі еңбектері.
Халықтар географиясы. Әлемдегі дамудың қазіргі заманғы демографиялық аспектілері.
Әлем халқының саны және өсуі, оның жастық-жыныстық құрылымы. Жердегі өсіп келе жатқан халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі. Экономикалық даму деңгейі әр түрлі мемлекеттерде еңбек ресурстарын пайдалану ерекшеліктері.
Халықтың нәсілдік құрамы. Халықтың этникалық құрамы -экономикалық және саяси-географиялық даму факторы ретінде. Әлем халықтарының картасы. Экономикалық даму деңгейі әр түрлі мемлекеттерде халықтың әлеуметтік құрылымы. Жұмыспен қамтылу құрылымындағы қозғалыстар.
Жер территориясында халықты орналастыру. Әлем және оның ірі аймақтарындағы халық тығыздығының талдауы.
Халық миграциясы. Сыртқы және ішкі көші-қон. Білімді адамдардың басқа жаққа кетуі.
Халықтың таралуының географиялық формалары. Урбандалу — ғаламдық әлеуметтік-экономикалық үрдіс, оның формалары.
Қалалық агломерациялар. Мегаполистер.
Халықтарды картаға түсіру.
Халықтар географиясы бойынша Н.Н.Баранский, В.В. Покшишевский және басқа да ғалымдардың еңбектері.
Шаруашылық географиясы. Географиялық еңбек бөлінісі, оның мәні, қозғаушы күштері, дамуының механизмдері және факторлары. Ауданаралық және халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Географиялық еңбек бөлісіндегі елдің- ауданның қатысу көрсеткіші. Әлем шаруашылығы, оның мәні, өзіне тән сипаты және қалыптасуының негізгі кезеңдері. Елдерді дамыған және дамушы елдерге бөлу. Қазіргі заманғы экономиканың басты орталықтары. Олардың арасындағы экономикалық серіктестік және бәсекелестік.
Халықаралық экономикалық интеграция, оның географиялық аспектілері. Әлемнің ең ірі интеграциялық топтары. (Еуропалық Одақ, еркін сауданың Солтүстік Америкалық зонасы). Дамушы әлемдегі интеграциялық процестер.
Тарихи категория ретінде экономикалық-географиялық жағдай туралы ұғым. Қазіргі заманғы бір мемлекеттің ЭГЖ-ын бағалау.
Шаруашылық географиясы бойынша Н.Н. Баранский, И.А. Витвер, И.М. Маергойз, Ю.Г. Саушкин және басқа да ғалымдардың еңбектері.
Өнеркәсіп географиясы. Әлемде өнеркәсіптің басты салаларының орналасуының және дамуының негізгі белгілері. Әлем елдеріндегі өнеркәсіптің орналасуына техникалық-экономикалық ерекшеліктердің әсері.
Өнеркәсіптің аумақтық ұйымдасуы. Өнеркәсіптік кешендер және олардың типологиясы. Электр өндіруші цикл ұғымы.
Әлемдік өнеркәсіпті орналастырудың негізгі белгілері: жанармайлы-энергетикалық, металлургиялық, машина жасау, химиялық.
Өнеркәсіп салаларын картаға түсіру.
Өнеркәсіп географиясы бойынша А.Е. Пробст, А.Т. Хрущев және басқа да ғалымдардың еңбектері.
Ауыл шаруашылық географиясы және АӨК. Ауыл шаруашылығын орналастыруға әсер ететін табиғи, әлеуметтік және экономикалық факторлар.
Агроөнеркәсіптік кешен, оның негізі, функционалдық және салалық құрылымы. Даму деңгейі әр түрлі елдерде АӨК-нің соңғы өнімінде негізгі сфералар қатынасы.
Әлемде қой, шошқа, мал шаруашылығын, техникалық дақылдарды өндіруді, дәнді-дақылды шаруашылықтары орналасуының және дамуының негізгі белгілері. Әлемдік балық аулау және басқа теңіз өнімдерін өндіру географиясы.
Әлемдік тамақ өнеркәсібінің географиясы. Ауыл шаруашылығының аумақтық ұйымдасуы. Зоналық мамандану. Ауыл шаруашылығын аудандастыру.
Ауыл шаруашылығын картографиялау.
Ауыл шаруашылық географиясы бойынша А.Н. Ракитников және басқа ғалымдардың еңбектері.
Транспорт географиясы. Транспорт географиясы. Транспорт және еңбекті географиялық бөлу. Транспорт жүйесі туралы түсінік. Аймақтық транспорттық жүйелер және олардың арасындағы байланыс. Транспорт түрлері, даму тенденциялары. Транспортты картаға түсіру.
Сыртқы экономикалық байланыс географиясы. Шаруашылықты орналастыру және дамытудағы сыртқы экономикалық байланыстың маңызы. Байланыс түрлері.
Әлемдік шаруашылықтағы экономикалық байланыстар географиясының және құрылымының негізгі белгілері (тауар және қызмет саудасы, капитал экспорты, ғылыми-техникалық біліммен алмасу, еңбек күшінің миграциясы, кредиттік-қаржылық серіктестік, халықаралық туризм).
Сыртқы экономикалық байланыстарды картографиялау.
Экономикалық аудандастыру. Экономикалық аудандастыру- экономикалық-географиялық ілім ретінде. Елдерді экономикалық аудандастыру. Мемлекеттік аймақтық саясат және оның мәні.
Әлем елдерін және аймақтарын экономикалық-географиялық шолу. Өтпелі экономикалық елдер әлем картасында. Шаруашылықтың аумақтық құрылымының, әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері.
ТМД елдерінің геосаяси жағдайы.
Ресей Федерациясы. Экономикалық-географиялық жағдайы, дамуының табиғи-ресурстық факторлары, халқы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуының және орналасуының негізгі белгілері. Ресейдің экономикалық аудандары, олардың экономикалық-географиялық сипаттамасы (МЭК-тің қалауы бойынша).
Постиндустриалды елдер әлем картасында.
Қазақстан Республикасы әлемнің саяси және экономикалық картасында.
Қазақстанның шаруашылық дамуының табиғи-ресурстық факторлары. Жер, су және минералды ресурстарды орналастыру және экономикалық-географиялық бағалау. Оларды тиімді пайдалану және қорғау мәселелері.
Қазақстан халқы: саны, тығыздығы, орналасуы, этникалық құрамы және демографиялық процестері.
Қазақстандағы миграциялық процестер. Соғыстағы, соғыстан кейінгі және қазіргі заманғы халықтың миграциялық сипатындағы өзгешеліктер.
Еңбек ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері.
Қалалық және ауылдық таралып орналасу. Республиканың әр түрлі аймақтарындағы қалалық және ауылдық елді-мекендердің типтері.
Қазақстандағы өнеркәсіпті аумақтықтық орналастырудың негізгі заңдылықтары. Қазақстанның өнеркәсіптік кешендерінің экономикалық-географиялық сипаты.
Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылық зоналарының экономикалық-географиялық сипаты.
Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық аудандарының экономикалық-географиялық сипаттама(МЭК-тің қалауы бойынша).
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары, олардың құрылымы және негізгі географиялық белгілері.
ТМД-ға қатысушы басқа елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы. (Украина, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан).
Шығыс Еуропа: құрамы, географиялық жағдайы, әлемдік экономикадағы орны. Шаруашылық және халықтар географиясының негізгі белгілері.
Халқы бойынша әлемнің ең ірі мемлекеті Қытай (ҚХР). ЭГЖ ерекшеліктері.
Табиғи-ресурстық факторлар. Халық. Әлемдік экономикадағы орны. Шаруашылықтың даму деңгейі және динамикасы. Салалық және аумақтық өзгерістер. Транспорт, сыртқы экономикалық байланыстар, ауыл шаруашылығы , өнеркәсіп географиясының негізгі белгілері.
Қазіргі әлемдегі жоғары дамыған елдер. Экономикалық картада орналасуы. Әлеуметтік-экономикалық дамуының және шаруашылықтың аумақтық құрылымының ерекшеліктері. Типологиялық белгілері және экономикалық-географиялық өзгешеліктері.
АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Австралия, Еуропаның кіші елдерінің, «көшпенді» капитализм елдерінің типтік жоспар бойынша экономикалық-географиялық сипаттамасы.
Дамушы елдер. Әлемдік экономикада дамушы елдердің орны. Типологиялық белгілері және экономикалық-географиялық өзгешеліктері. Аймақтық және субрегиондық бөлінуі. Субрегиондардың елдік құрамы.
Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Батыс Азия, Африка және Океания елдерінің типтік жоспар бойынша экономикалық- географиялық сипаттамасы ( МЭК-тің қалауы бойынша).
Жаңа индустриялды және мұнай тасымалдаушы елдерінің типтік жоспар бойынша экономикалық- географиялық сипаттамасы ( МЭК-тің қалауы бойынша).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *