ШЫҢҒЫСҚА ӨЗ АУЗЫМЕН АЙТҚАН КӨҢІЛДІ
Жазғы жайлауда отырған кезде Сақұлақ шешен Сырымбетке жол тартып Шыңғысқа айтар көңілін енді өз аузымен жеткізеді. Саққұлаұтың сонда Шыңғысқа айтқан тоқтамы:
— Қайырлы болсын қазаңыз!
Ием солай санаса.
Есі бар пенде өкінбес,
Бір алланы ойласа.
Тағдырға тоқтау кім салар,
Ақырын терең ойласа.
Шүкірлік еткен бола ма,
Көзден жасты тыймаса?
Өткен қайтып келер жоқ,
Үнемі қайғы ойласа.
Өлмей адам жүрмек қой,
Ажалды солай сыйласа.
Шүкіршілік ету міндет қой,
Әр тәсілді ойласа.
Қайғыны қалай жеңеді,
Ақыл, есін жимаса.
Жүректі билеп улы шер,
Тұла бойды қуаласа.
Адамшылықтан қалдырар,
Ақылды солай ұрласа.
Өлген қайтып келу жоқ,
Ел-жұрт болып шуласа.
Ризалық еткен бола ма,
Үнемі қайғы ойласа.
Жылаудың да орны бар,
Артында ұрпақ қалмаса.
Шерлі көңіл тыйылмас,
Сөзі жөнге сйымаса.
Қайғы түбі – бір теңіз,
Тереңге сүңгіп бойласа.
Алдын жарық ет деңіз,
Алла рақым ойласа.
Ауырлыққа сабыр қып,
Артын тілеп сұраса,
Ақырын қайыр ет деңіз,
Тілекті қабыл ала алса!
деп көңіл айтун бітірген екен [14].