ШОҢ МЕН БАЙКІСІ

ШОҢ МЕН БАЙКІСІ

Шоңның елден пара алатындығын бетіне басып, інісі Торайғыр ұялта береді. Содан Шоң басқа елге көшетін болады. Мұны естіп Шорманның немере ағасы Байкісі шешен және бір би (Бүкіл Сәти айналасын Шорман ер жеткенше басқарып келген кісі екен) келсе, небір инабатты адамдардың – «туысқандар, бет ашқандарың ұят болады, келісіңдер» деген сөздеріне бет бақтырмай отыр екен. Байкісі сәлемдескеннен кейін:

Сенбісің Шоң, Торайғыр мақтап жүрген,
Осы ма бар өнерің сақтап жүрген?
Екеуің алыстамай табысып қал,
Көп дұшпан жан-жағыңда қаптап жүрген.
Ғаділдік, шариғатпен сөз айтасыз,
Жақсы бол, жаман болма деп айтасыз.
Өзіңнің тұла бойың толған ауру,
Біреудің шиқанына ем айтасың, —

депті. Сонда Торайғыр:

Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
Оңғандықтың белгісі –
Өзі ұрысып табысқан.
Оңбағанның белгісі –
Өткен істі қуысқан, —

деп, түрегеліп келіп ағасы Шоңның қолын алып табысыпты [9,383-б].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *