ШОҚАННЫҢ САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕНГЕ ҚОЙҒАН СҰРАҒЫ

ШОҚАННЫҢ САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕНГЕ
ҚОЙҒАН СҰРАҒЫ

Жазда ауылына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққұлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағылымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрау қойып:
— Ақсақал, біреу жолдан адасса кімнен ақыл сұрайды?, — дейді.
— Шырағым, көнеден сұрайды, — дейді шешен.
— Көне адасса кімнен сұрайды?
— Көне адасса көргендіден сұрайды.
— Көргенді адасса кімнен сұрайды?
— Көргенді адасса көптен сұрайды.
— Көп адасса кімнен сұрайды?
— Көп адасса көп оқығаннан сұрайды. Көп оқыған неге адассын. Әлгінде ғана Сатыпалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбетәлі туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? – дейді шешен. Содан соң Шоқанға шешен оң батасын берген екен [3,232-233-б].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *