ТӨСЕКТЕН ШОШЫНҒАН КҮЙЕУ ОҢБАС

ТӨСЕКТЕН ШОШЫНҒАН КҮЙЕУ ОҢБАС

Шоқанның Нұрила деген қарындасы алғашқы рет айттырған күйеуін менсінбей, арты үлкен дауға айналады. Күйеуі Ақмолалық Қоңырқұлақ төренің немересі Жәңгір төре (Сәмке хан тұқымы) екен. Екі жақтың арасындағы дау Омбы губернаторының алдында қаралатын болып, дауға қатысатын адамдар белгіленген күні келеді. Істі қарауға екі жақтың ризашылығымен Саққұлақ шешен дауға төбе би болып сайланады. Дауды шешу кезінде екі жақтың пікірлерін әділет таразысына сала отырып шешен:

Халқынан шошынған хан оңбас,
Салтынан шошынған би оңбас.
Жүгінен шошынған түйе оңбас,
Көгеннен шошынған бие оңбас.
Елінен шошынған ер оңбас,
Бесіктен шошынған құда оңбас,
Төсектен шошынған күйеу оңбас. –

деген екен бұрынғы ата-бабаларымыз, ал олардың өсиеті біз үшін асыл қазына, сондықтан төсектен шошынған күйеу мен қалыңдықты қосуға болмайды. Әділеті осы, — деп дауды шешіпті [13].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *