ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ШАРТТАРЫ
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі шарттары төмендегідей болып табылады:
• балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру;
• интелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, экономикалық әдістемелік және кадрлар және тағы басқа ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда шоғырландыру;
• ашық ақпараттық, білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;
• тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық және өз денсаулығы мен өмірі, әлеуметтік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;
• балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу;
• қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;
• кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі ресурстары:
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тәрбие үдерісі Қазақстан Республика-сының білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына толық сәйкес келуі және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп және жоғары оқу орындары ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау; тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда да жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.
Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдарында тәрбие жұмыстарын қолайлы жоспарлау негізінде тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және олардың жұмыстарын үйлестіруге жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын интеграциялау, толассыз зерттеу, тиімді жұмыстарды қорыту және кең тарату, тәрбие үдерісіне мониторинг жасау.
Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.
Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі», «балалар бос уақытын ұйымдастырушы менеджер» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және қайта даярлауды қамтамасыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтары-ның, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік техникалық оқу орындарында «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» кафедраларын жандандыру және педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.
Барлық білім беру ұйымдарында (мектептерде, кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарында) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі проректор, топ кураторлары, сынып жетекшілер қызметтік міндет ендіріліп және олардың іс-әрекетін балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысымен өзара іс-әрекет қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:
• тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;
• білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;
• балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;
• салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;
• қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;
• барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.
Тұжырымдаманы іске асыру барысында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын тәрбиенің қахзақстандық үлгісі құрылады.