ТОҚСАН БИ МЕН ҚҰНАНБАЙ

ТОҚСАН БИ МЕН ҚҰНАНБАЙ

Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей Байдалылармен (Кеңгірбай бидің немерелері) араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, керей елінің атақты биі – Тоқсанның үйіне қоныпты. Қонақасы жеп бимен түні бойы әңгімелесіп, ертеңіне кетіп бара жатқанда Тоқсан би Құнанбайдың артынан айғайлап: «Құнанжан, атыңның басын бұрма, өзің мойныңды бұр»:

Тұманның арты жұт болар,
Тұмаудың арты құрт болар.
Заңдасып босқа нетерсің,
Заңшылдың түбі сот болар, —

дегенде Құнанбай:

Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің,
Қопадан қоныс алған соң.
Тұмаудың арты құрт болып қайтер дейсің,
Тәңірім шипа болған соң.
Заңшылдың түбі сот болып қайтер дейсің,
Алтынды пұттап алған соң, —

деп, жүріп кетіпті [10, 225-б].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *