ТОҚСАН БИДІҢ ҚАЛҚАМАН
БИГЕ АЙТҚАНЫ
Желіде жүз құлын болады,
Біреуі тұлпар болады.
Өрмекші егіз табады,
Біреуі бүйі болады.
Томаша тоғыз табады,
Біреуі бұлбұл болады.
Аспанда бозша торғай болады,
Жерде қызыл қурай болады.
Оның ішінде ақ бас құрт болады,
Қабырғасын теспейді.
Түбін кеспейді.
Соның ішінде күн өтпейді.
Өлеңді жердің өгізі семіреді,
Өлімді жердің молдасы семіреді.
Қара асында қатын семіреді,
Қайғысыз би семіреді.
Семіз емес қатумын,
Сенен басқа ерлердің
Бәріменен татумын.
Қаңғырмай сал алдыма малымды,
Тілесең егер жаныңды.
Тілемесең жаныңды,
Татырармын дәміңді, —
деп, барымтаға алып кеткен жүз жылқысын Қалқаман байдан қайтарып алған екен [6].