ТОРАЙҒЫР МЕН ШОҢ КЕЛДІ

ТОРАЙҒЫР МЕН ШОҢ КЕЛДІ

Бірде Байсеркенің үйіне күтпеген жерден қонақтар түседі. Анау-мынау емес, үш жүздің үлкен-кішісіне мәшһүр Шоң мен Торайғыр екен. Бұлар бұрыннан сыйлас, «айыр көмей, жез таңдай» Байсерке абызды құдалыққа ертіп апармақ ниетпен келген екен.
Құлтөбел тұрмысы бар Байсерке қонақасыға қиналыңқырап қалады. Ауқатты бір ағасының үйіне шапқылап жетіп барып, жеңгесіне бұйымтайын былай жеткізіпті:

Торайғыр мен Шоң келді,
Аз ғана емес мол келді.
Соймайын деген ойым жоқ,
Сояйын десем қойым жоқ!

Сонда әлгі жеңгесі «қайным қысылып қалған екен» деп бір ту қой салып жіберіпті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *