ТОРАЙҒЫРДЫҢ ШОҢМЕН АРАЗДАСЫП ТАБЫСУЫ
Шоңның малжанды, парақорлығына өкпелеп Торайғыр Шоңның үйіне бармай қойыпты. Содан Шоңның жұмсауымен Боздақ бидің ұрылары алып кеткен бір айғыр үйір қысырықты қуа барып, жартылай өндіріп қайтса, оған ағасы Шоң қанағаттанбай, інісін биге қайта жұмсапты.
— Басқа жақсылардың аттары жетпегендей сенің атыңды Торайғыр қойған екен. Айғыр болмасаң, қайта айналып екінші келер ме едің? – депті Боздақ би.
Торайғыр сөзден тосылып, аулына келіп Шоң биге:
«Сен малжандысың, сол үшін Боздақтан сөз естідім», — деп ағасымен қатыспай қойыпты. Оның үстіне елден пара аласың, пара алу дұрыс емес, — деп ағасына тақуалық айтқан екен [4].