СӨЖ түрлері
СӨЖ ұйымдастырудың түрлері мен формалары әралуан және көптүрлі (жеке, топтық, ағымдық, оқытушының жетекшілігімен, аралас және т.б.) Бұл түрлердің әрқайсысы оқытушының дайындығын, оқушының білім деңгейі мен мүмкіндігін, материалдық — әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі негізінде жүзеге асуы мүмкін.
СӨЖ негізгі түрлері төмендегідей:
-тәжірибелік жұмыстар( аудиториядағы және үйдегі жұмыстарды ескере отырып).
— тәжірибелік сабақтарға, зертханалық сабақтарға және семинарға дайындық;
— семестрлік есептеу-сызбалық және аналитикалық жұмыстарды орындау;
— есептер мен мысалдарды шешу;
— тәжірибелік зерттеулерді жүргізу;
— ғылыми – зерттеу сипатындағы зертханалық жұмыстарды орындау;
— іскерлік, имитациялық ойындарды және оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыру;
— жаңа әдістерді меңгеру барысында оқу тәжірибесін ұйымдастыру;
-конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу.
Ұсынылып отырған СӨЖ түрлері оларды кеңейтуді шектемейді және студенттерге жеке тапсырма беру мен кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес басқа да түрлерді қолдану мүмкіндіктерін жоққа шығармайды.
Өзіндік жұмыстың түрін таңдау кезінде кафедраның жабдықталыуын: оқу-әдістемелік әдебиеттердің болуын, техникалық жабдықталуын аудиториялық қорын, ғылыми-зерттеу базасын және кафедра филиалдарының мүмкіндіктерін ескеру қажет. СӨЖ ұйымдастыру түрлері мен әдістері студенттің ойлау қабілетін тұрақты, мақсатты бағытта және жоспарлы дамытуға ықпал етуі және біруақытта оларда оқу ынтасын қалыптастыруы қажет.