НӨГЕРБЕК ПЕН БАПАН БИ
Бес дуанды басқарған статс кеңесшісі Тұрлыбек Көшеновтің баласы Нөгербек (қасында Омбыдан келген геолог офицері бар) бірде Бапан би аулына келеді.
Бапан бидің ауылы Ерейменнің ең көрікті көлі – Қоржынкөлдің жағасында екен. Ерейменді қоршаған таулардың сайларынан алтын қазған белгілер қалса керек. Мұны білетін Нөгербек Ерейменге геолог офицерін сол себепті әкеліпті. Нөгербек Бапан ауылына келіп бұйымтайын айтқанда оған Бапан би:
Маған би атын халқым берген еді,
Саған шынжырлы жандарал берген еді.
Өз жеріңде су шаққандай,
Шұңғырлауға мынауыңды неге әкелдің? –
деп ренжіген екен де, офицерге Бөгенбай батырдың Дарқан ұста соққан қылышын, Нөгербекке қамшысын сыйлыққа беріп құтылса керек.
Тағдыр ісі тамаша дегендей, кейін сол Нөгербектің қоныстары Шытырымбет, Масалы, Ақсулардан алтын қазылған екен