МҰСА МЕН ШОҢ
Мұса мырза жас кезінде қарт Шоңнан:
Ақ сауыт деп нені айтамыз?
Арғымақ деп нені айтамыз?
Жақсы деп кімді айтамыз?
Ер жігіт деп кімді айтамыз?
деп сұрапты. Сонда қарт Шоң:
Ақ сауыт деп айтамыз – атқанға оғың өтпесе,
Арғымақ деп айтамыз — желгенде жылқы жетпесе.
Жақсы деп соны айтамыз – тозған елді септесе,
Ер жігіт деп айтамыз – жауға тастап кетпесе, —
деп жауап беріпті.