Маркетинг жүйесіндегі тауар.
1. Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны.
2. Тауардың өмірлік циклының концепциясы
3. Тауар белгісі.
1. Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны.
Тауар дегеніміз нарық жүйесіндегі негізгі әрекет етуші *тұлға* десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Нарықтағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға байланысты болып отыр. Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Классикалық саяси экономиясында тауарды арнайы айырбас жасау үшін өндірілген еңбек өнімі деп анықталған. Бұл анықтама әрине маркетингте де өз күшін сақтайды.
Тауарды шығару кезінде оны өндіру ұғымы 3 деңгейде қарастырылады:
Ойдағы тауар- тұтынушы сатып алатын тауардың атқаратын қызметін белгілеу керек. Бұны жалпы қорытылған өнім деп атауға болады.
Өндірушінің мақсаты- ойдағы тауарды нақтылы тауарға айналдыру керек. Өндірілген тауар өзінің қасиеттерімен, сапасымен, ыдысыменен сатуға арналады. Оны нақты өнім деп атайды.
Сипаттамаларына қоса өндіруші сатып алушыға қосымша қызмет көрсетуі мүмкін. Осының нәтижесінде толықтырылған тауар түсінігі қалыптасады. Өйткені сатып алушыны күтіп алу, оған қызмет көрсету, кепілдік беру, тауарды жеткізу жұмыстарымен толықтырылады.
Тауар қасиеттерінің жиынтығы мынадай көрсеткіштермен анықталады:
Сапа (сапаға деген сенімділік өнімді ұлғайтуға жол ашады);
Тауардың атқаратын қызметіне дәл сәйкестігі;
Бағаның сапаға және тұтыну құндылығына сәйкестігі;
Тауар құжаттары;
Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы;
Ассортименттің байлығы, тауарды таңдауға мүмкіндіктің молынан болуы.
2. Тауардың өмірлік циклының концепциясы.
Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклы, немесе тауардың өмір циклы деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың нарықтағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Өнімнің өтіміне, пайданың көлеміне, тұтынушылардың мінез-құлқына, бәсекелестеріне, маркетинг стратегиясына тауардың өмір циклы аса күшті ықпал жасайды.
Тауар белгісі. Тауар таңбасы дегеніміз басқа тауарлардан оны айыру үшін, қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі болады. Ол сурет, рәміз (символ), біріккен әріптер немесе цифралар сипатында болуы мүмкін.
Таңбалық ат дегеніміз атаулы тауардың таңбасының бөлімі.
Таңбалық белгі деп суреттеп белгіленген тауар таңбасының бөлімін айтады.
Тауар белгісі дегеніміз заңға сүйенген, (құқықтық) қорғаумен қамтамасыз етілген тауар таңбасының бір бөлімі.
Өзімен-өзі тауар белгісінің соншалықты мәні шамалы, әсері де аз. Ал егер де ол жақсы жарнамамен сүйемелделіп, өзінің тіркелуінен кейін құқықтық күш алса, онда тауар сапасының ынталандырылуы күшейеді.
Таңбалық белгісінің төрт түрі болады:
Фирманың аты. Ол міндетті түрде айтылатын әріп, сөз, немесе әріптер және сөздер тобы;
Фирма белгісі- көрінетін символ, сурет, болмаса айырмашылығы бар түстер;
Саудалық бейнесі- жекелеген сауда таңбасы;
Сауда белгісі- фирма аты, фирма белгісі, сауда бейнесі. Бәрі құқықтық жағынан қорғалуы тиіс.