Маркетингтік орта.
1. Маркетингтік орта.
2. Макроорта.
3. Микроорта.
4. Медиаорта тақырыбы СӨЖ-на беріледі.
1. Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеніне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.
Маркетингтік қоршаған ортаны 2-топқа-бөлуге болады:
1. Бақылауға мүмкін болатын факторлардан тұрады. Олардың ең негізгісін маркетинг комплекісінде топтауға болады. Маркетинг комплекісі дегеніміз — бұл белгілі бір нарық қажеттіліктерін камтамасыз етуге және алдағы қойған мақсатқа жетуге пайдаланылатын өзара байланыстары бақылауға болатын факторлар жиынтығы.
Маркетинг комплекісі негізгі 4 элементтен тұрады:
1. Тауар — бұл мекеменің нарыққа ұсынатын өнімі;
2. Баға — тауарды сатып алуға қажетті ақшалай сома;
3. Өткізу әдістері — өнімді тұтынуға жеткізіп беруге бағытталатын маркетинг қызметі;
4. Ынталандыру әдістері — тұтынушыны мекеме қызметін немесе тауарын сатып алуға үгіттейтін маркетинг қызметі.
2. Бақылауға мүмкіндігі жоқ факторлар- бұл мекеменің сыртқы ортаны мынадай топтарға бөледі:
1. Микроорта- бұл мекеме қызметіне тікелей қатысы бар және қызметке ықпал ететін элементтерден тұрады.
2. Жабдықтаушылар, яғни мекеме қызметіне қажетті шикізат және басқа да ресурстарын қамтамассыз етеді. Жабдықтаушылармен қалыптасқан тиімді байланыс мекеме қызметінің барлық деңгейіне ықпал етеді.
3. Бәсекелестер- нарықтағы осы мекеме типтес яғни ұқсас қызметі бар мекемелер.
4. Делдалдар- бұл мекеме өнімін, яғни өндірушіден тұтынушыға өнімді жеткізіп беру қызметін атқаратын мекемелер.
5. Тұтынушылар бұл тауарды немесе қызметті әрі қарай өңдеуге немесе жеке тұтынушыға сатуға тауарды өткізу бағасымен сатып алатын азаматтар немесе ұйымдар. Сатып алу мақсатына қарай тұтынушыларды бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік тұтынушылар тауарды әрі қарай өңдеуге сатып алатын жеке адамдар немесе ұйымдар.
2. Аралық тұтынушылар тауарды әрі қарай өткізу үшін сатып алатын жеке ұйымдар немесе адамдар.
3 Соңғы тұтынушылар тауарларды жеке қолданыс үшін сатып алатын мекеме немесе адамдар.
2. Макроорта кәсіпорындарының әрекетіне жалпы біріңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.
Макроортаның құрамын былай бейнелеуге болады:
Макроортаның топтасқан факторлар құрамы.
Нарық көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде тауар өндіруші кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.
Сонымен қатар демографиялық факторларға білім алу деңгейі де ықпалын тигізеді. Халық білімі қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоғары сапалы тауарларға, баспа басылымдарына және интеллектуалды игіліктерге сұраныс ұлғаяды.
Экономикалық факторлардың нарық субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық факторлардан кем емес. Фирманың алғашқы тұтынушыларын білумен бірге, олардың қанша тауар сатып алатынын анықтау ісі аса маңызды болмақ.
Табиғи факторларды зерттеу жұмысы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктерін талдаумен байланысты.
Ғылыми-техникалық факторларды талдау барысында жаңа тауар өндіруге, тауарды және технологияны жаңартуға, дер кезінде ғылым мен техниканы дамытуға мүмкіндіктер ізделініп, оның іске қосылу жолдары жасалуы қажет.
Саяси-құқық факторлары мемлекет органдарының талаптарын білу үшін және оларға бейімдеу қажет. Кәсіпорынның жұмысын шектейтін заңдарды білу арқылы нарық әрекеттерін бағыттауға болады.
Макроорта факторларын зерттеу кезінде екі жағдайды ескеру қажет. Олар:
Барлық макроорта факторлары бір-бірімен аса тығыз байланыста қалыптасады;
Әрбір макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейі фирманың көлеміне, орналасқан жеріне, іс-әрекет саласына т.б. көрсеткіштеріне көптен-көп байланысты болады.
3. Микроорта — фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштерімен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер (кесте)
Микроорта күштері.
Жабдықтаушылар
Фирма
Маркетинг делдалдары
Клиенттері
Бәсекелестер
Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдетісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар.
Фирманың мақсатына жетуі көбінесе 3 факторға тәуелді:
-таңдап алынған стратегияға;
-маркетинг қызметінің ұйымдастырылу құрылымына;
-сол құрылымның қандай деңгейде әрекет жасағанына;
Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары.
Бәсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды нарықта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады.
Микроортаның соңғы элементі — клиенттер немесе тауарды тұтынушылар. Фирма нарықтың бес түрінде клиенттерге тауарларын ұсына алады. Олар:
Тұтыну нарығынды- онда жеке тұтыну үшін тауарды сатып алушы тұлғалар, үй шаруашылықтары.
Өндірушілер нарығында- онда өндіріс үдерісінде тұтынатын өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алушы фирмалар.
Делдалдар нарығында- басқаларға сату арқылы пайда түсіру мақсатымен тауарларды сатып алатын ұйымдар.
Мемлекет мекемелері нарығында- коммуналдық қызметін атқару үшін, немесе мемлекет қызметін орындаушылары тұтынуы үшін сатып алушы мемлекеттік ұйымдар.
Халықаралық нарығында- шетел нарығында тауарды сатып алушылар