Маркетингтегі баға саясаты.

Маркетингтегі баға саясаты.

Бағаның атқаратын қызметтері.
Бағаға әсер ететін факторлар.
Бағаны жасау мақсатын анықтау.
Шығындарды бағалау.
Баға белгілеу, таңдау. Түпкі бағаны белгіле және баға белгілеу тәсілдері тақырыптарын СӨЖ-на беру.

1. Бағаның атқаратын қызметтері.
Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Соның нәтижесінде коммерциялық фирма әрекетінің түпкі нәтижесі көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалынып алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелестік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру-өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді.
Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі белгілі:
Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндірі құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы анықталады.
Ынталандыру қызметінің мәні әртүрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады.
Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Бұнда баға арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.
Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс аралығындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді.
Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі.

Бағаға әсер ететін факторлар.

Бағаға әсерететін негізгі факторлар:шығындар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет.
1.Шығындар түпкі бағаға аса қатты әсер етеді.Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, транспортқа,қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты.Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді.
2.Тұтынушылар.Баға және сату көлемінің өзара тәуелділігін екі есеппен түсіндіруге болады.1.Сұраныс пен ұсыныс заңның әрекеті және баға икемділігі;
2.Әртүрлі нарық сигменттері тұтынушыларының бағаға деген жауап әрекеті.
3.Тауар қозғалысына қатынасушылар бағаны белгілеу үдерісінде маңызды роль атқарады.Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жарамды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді
4.Бәсекелестер.Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады.Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:
Бағаны рынок бақылайтын орта.Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, ұқсас деп сипатталады.
Бағаны фирма бақылайтын орта.Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады.
Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық транспорт, энергетика,коммуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі
5.Мемлекет.Кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді.Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:
Мемлекет бағаны өзі белгілейді.
Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді.
Арамзалық бәсекеге және нарықты монополиялауға шек қою үшін «нарықтық ойын», ережелерін (еркін келісімді бағалар қалыптасады).

Бағаны жасау мақсатын анықтау.
Ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетуді көздейтінін білуі қажет. Егер де нысаналы нарық таңдалып, нарық жайғасымы толық ойластырған болса, онда баға мәселесі мен қатар маркетинг кешенін құру тәсілдері түсінікті болар еді. Баға құру стратегиясы негізінде нарық жайғасымын шешу арқылы ғана белгіленеді. Сол жағдайда фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі мүмкін. Қаншалық бұл мәселе анығырақ болса, солғұрлым баға қою ісі жеңілдейді. Іс жүзінде жиі кездесетін мақсаттар мынадай:
Фирма өзінің өмір сүруін қамтамасыз ету.
Күнделікті табыс көлемін максималдау.
Нарық үлесінде жетекші орын алу.
Сапа көрсеткіштері жағынан жетекші орын алу.

Шығындарды бағалау.
Сұранысқа қарай тауардың максималды бағасын анықтауға болады. Ал минималды баға фирманың шығындарымен шектеледі. Өйткені шығыннан төмен баға фирманы шығынға батырып, банкротқа апарады.
Фирманың шығындары екі түрлі- тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындары дегеніміз- олар өндірілген өнімнің көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар (мысалы ғимарат шығындары, жалдау ақыға, агрегаттарға, станоктарға, шойын жолдарына тағы басқа еңбек құралдарына жұмсалған шығындар). Демек, олар өндіріске, оның көлеміне тәуелсіз болады. Ал айнымалы шығындары — өндіріс деңгейіне тікелей байланысты. (мысалы, отынға, шикізатқа, еңбек ақысына, жанар майға, жағар майға, суға т.б. жұмсалған шығындар).
Тұрақты және айнымалы шығындардың жиынтығы жалпы шығындар деп аталады. Фирма тауарына баға белгілегенде жалпы өндіріс шығындарын тауарды сатып қайтаруы тиіс. Олай болмаған жағдайда, өндіріс үзіліп, тоқтайды. Өндіріс дамып, кеңеюі үшін баға шығындардан асып, пайда әкелуі керек. Осыдан шығындарды үнемдеу қажеті туындайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *