Майлар алмасуының патологиясы.
2.Мақсаты: Липидтердің сіңірілуі бұзылуының себептері мен даму механизмін меңгеру.
3. Дәріс тезистері:
Организімде май алмасу бұзылыстары.
Майлардың немесе липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен.
Олар: 1. барлық биологиялық мембраналардың құрамына кіреді және олардың өткізгіштігін анықтайды; 2. жасуша аралық түйісуді қамтамасыз етеді және жасушаларды биоағымдардың өтуінен оңашалап тұрады;
3. көптеген гормондар мен простагландиндердің түзілуіне қатысады;
4. организмнің тұрақты энергиялық көзі;
Организмде май алмасуының бұзылыстары мына жағдайларда көрінеді: 1. ішектерде майлардың сіңірілуінің бұзылуымен; 2. майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуымен; 3. майлардың аралық алмасуының бұзылуымен; 4. май тінінде майлардың алмасуының бұзылыстарымен.
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы. Ішектерде тағамлық май сіңірілуі үшін оның эмульсиялануы (лат. оеmul-sus — сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі), глицерин мен май қышқылдарына ыдырауы және қышқылдармен байланысқан қосындылар (холеинаттар) құруы қажет. Сондықтан ұлтабарға өт түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді. Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы сыртқа шығарылады. Май ciңірілyi бұзылуынан нә-жісте ыдырамаған май мен күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. Бұндай жағдайды стеаторея (греқ stear — май, греқ rheo — ағу) дейді. Май бездерімен тepi арқылы майдың артық шығарылуы (себорея — май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, экзема және авитаминоздар кездерінде) кездеседі.
Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы
Айналымдағы қанға май ішектерден хиломикрондар түрінде, өкпеден және сүйек кемігінен бос май қышқылдары, ал бауырдан нәруызбен байла-нысқан майлар — липопротеидтер түрлерінде түceдi. Хиломикрондар үшгли-церидтерден, холестериннің эфирлерінен, фосфолипидтерден тұрады. Олар 98% майлардан және 2% нәруыздан тұрады. Бауырдан қанға үш түрлі липо-протеидтер түседі. Олардың тығыздығы бойынша: иребеталипопротеидтер немесо өте төмен тығыздықты липопротеидтер (ЭТТЛП), бета-липопротеидтер немесе төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) және альфа-липопро-теидтер немесе жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП) пен ажыратады. Қанға түскен хиломикрондар өкпеде ұсталынады. Өкпе майдың арте-риялық қанға өтуін қадағалайтын липопектикалық қызмет атқарады. Өкпенің тыныстық қызметі төмендегенде (пневмоторакс, эмфиземе) онда май ұсталып қалады.
Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде) және ретенциондық (греқ retentio — бөгелу, кідірту) бөгелулік болып көрінеді. Көрсетілген күрделі нейрогуморалдық реттеудің бұзылыстары организмде артық май жинап, адамды семіруге әкеледі. Семәру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жйі кездесетін. Ересек адамдардың 30%-дан 60%-ға дейіні артық салмағымен көзге түсед. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жйі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жйілеп бара жатқаны назар аударарлық.
Тәбеттің күшеюіне байланысты тамақты тым артық ішу артқы гипота-ламустың вентролатералдық ядроларында орналасқан «аштық сезімі орталығының» жоғары қозымдылығынан болады. Гипоталамустың вентромедиалдық ядроларында «тойыну сезімінің орталығы» орналасқан. Ол «аштық сезімі — орталығына» тежеуші әсер етеді. Егер егеуқұйрықтарда, мысықтарда немесе маймылдарда гипоталамустың вентроме¬диалдық ядроларын электр ағымымен бүліндірсе, онда «аштық сезімнің орталығы» тежелуден шығып кетеді де, эксперименттік жануарларда тамақты тым артық жеу (гиперфагия) пайда болады, артынан гипоталамустық семіру байқалады. Бұндай жағдай энцефалитпен, менингитпен ауырған, мидың жарақатынан кейін сауыққан адам-дарда да байқалуы мүмкін. Сонымен «аштық сезімі орталығының» ұзақ мерзімде қозымдылығы көтерілуіне әкелетін өзгерістер ауқаттық семіруді дамытуы ықтимал. Мәселен қанда глюкозаның деңгейін ұзақ төмендететін барлық жағдайлар (ұйқы безі қызметінің көтерілуі) аштық сезімін шақырып, артық тамақ ішуге әкеледі.
«Аштық сезімі орталығының» қызметі ас қорыту жолдарындағы рецепторлардан түсетін рефлекстік хабарлардан байланысты. Асқазанның белгілі керілуі оның қызметін тежейді. Сондықтан асқазан кемерлерінде орналасқан рецепторлардың сезімталдығы төмендеуі кезінде «аштық сезімі орталығының» тежелуі тек асқазанның тым қатты керілгенінде ғана дамиды. Содан тамақты артық ішу және организмнің ceмipyi байқалады. Сонымен қатар ауыр қол жұмысымен немесе спортпен тұрақты шұғылданатын адамдардың тыныштық өмірге (гиподинамияға) ауысуы және бұл кезде «аштық сезімі орталығының» қозымдылығы бұрынғы деңгейде сақталып қалуы энергия балансының бұзылуына әкеледі. Осыдан энергия шығыны азайып, энер¬гия түзуге қажетті майлардың май тінінен шығуы бұзылады.
4.Иллюстрациялы материалдар:
-дәріс материалдың презентациясы;
-тақырып бойынша плакаттар;
-кестелер, сызбалар.
5.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)
1.Липидтердің сінірілү мен қорыту бұзылыстары қандай?
2. Липидтердің тасымалдануының бұзылуының механизімі қандай?
3.Гиперлипемия деген не?
4.Гиперлипемиялар түрлері қандай?