Кәсіби даярлық, тағлымдама және біліктілікті арттыру курстарын арттыруды ұйымдастыру
169. Оқытушылардың кәсіби біліктілігі кәсібі дайындық жүйесінде, кәсіби біліктілігін арттыру курстарында, әскердегі және әскери ЖОО тағылымдамаларда, әскери кафедраларда, БҒД ұйымдарында жетілдіріледі.
170. Әрбір әскери кафедра базасында алғашқы әскери дайындық оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
171. Әскери кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру БҒД және ЖОО ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курстарында жүзеге асырылады. Оқытушылар ұзақтығы 72 академиялық сағат біліктілікті арттыру курстарына 5 жылда кемінде бір рет жіберіледі.
172. ЖОО басшысы әскери кафедра оқытушыларын қосымша бағыттауы мүмкін:
1) мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізуге лицензиясы бар ұйымдарға;
2) оқу процесін ұйымдастыруды, оқыту әдістемелерін, ғылыми зерттеулерді, заманауи оқу жабдықтарын оқып үйрену мақсатында басқа жоғарғы оқу орындарына.
173. Біліктілікті арттырудың келешекті (бесжылдық) жоспары әскери кафедрада дайындалып, ЖОО басшысымен бекітіледі.
174. Оқу көмекші және инженерлік– техникалық құрамдардың арнайы білім сапасын арттыру мақсатында, әскери кафедраныңбекітілгенжоспарына сәйкес, сабақтар өткізіледі. Өткізілген сабақтар кәсіби дайындық сабақтарын есепке алу журналында белгіленеді.
175. Әскерикафедрадағы офицерлер құрамының кәсіби дайындығы ҚР ҚМ нормативтік-құқықтықактілеріне сәйкесұйымдастырылып жүргізіледі.