ЗАМАН АҚЫР БОЛАР
Заман ақыр болар,
Байлар пақыр болар.
Жер тақыр болар,
Шай деген аз шығады,
Ағайыннан қас шығады.
Асыл тұқым азайып,
Құл-құтаннан бас шығады.
Ел билігі жаста болар,
Ана тілін қыз алмас,
Әке тілін ұл алмас,
Көңілдері әр тарапта,
Сол күндегі бақ шыбын болар.
Таздың басына қонар,
Көл суалып шөл болар,
Соқырдың көзіне қонар,
Жанның бәрі құл болар [11].