ЖАҚСЫ ҚАТЫН АЛСАҢЫЗ ДҮР ШЕКЕРДІ
Жақсы қатын алсаңыз дүр шекерді,
Жаман қатын алсаңыз тілі удан бетер-ді.
Бір қатынның мекерлігі,
Қырық есекке жүк болыпты,
Жақсы болса күйеуі,
Әйелдің алтын тағы да,
Мешеу туған байғұстың,
Мұратқа жетер шағы да.
Үйде отырған мұңлықтың,
Басына қонған бағы да.
Жаман болса күйеуі,
Әйелдің түскен торы да.
Шыға алмайтын мұңлықтың,
Қазылған терең оры да.
Өмір бойы зар татып,
Ашылмайтын соры да.
Күн де, түн де қараңғы,
Адамның бір қоры да [14].