ЖАҚСЫЛЫҒЫҢ ІСТЕГЕН

ЖАҚСЫЛЫҒЫҢ ІСТЕГЕН

Жақсылығың істеген,
Құмға құйған сумен тең.
Жаман болса жамағат,
Көрген күнің түнмен тең.
Ақылсыз болса алғаның,
Арпалысқан жынмен тең.
Қылығы жақсы қыз болса,
Қыз да болса ұлмен тең.
Қылығы жаман ұл болса,
Ұл да болса қыздан кем.
Келіннің зекіп бергені,
Езіп ішкен умен тең.
Кекеп берген тамағы,
Тұз салмағын сумен тең.
Жамандардың мінезі,
Асуы жоқ белмен тең.
Ғалымдардың мінезі,
Айдын шалқар көлмен тең.
Қайырымсыз байдың мінезі,
Қырық күншілік шөлмен тең.
Жақсы әйелдің мінезі,
Алуа-шекер балмен тең.
Жаман қатын мінезі –
От басынан шу кетпес,
Қаңтардағы қармен тең [26].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *