ЖАСЫ ЖЕТКЕН КӘРІЛІК

ЖАСЫ ЖЕТКЕН КӘРІЛІК

Жасы жеткен кәрілік,
О дағы бір ғаріп қой.
Бақыт қонса басыңа,
Жарығың сөнуі анық қой.
Сен секілді төрелер,
Суда жүзген балық қой.
Судан суырып тастаса,
Өкпесін соғып жатуы анық қой.

Шырақтарым, сіздерді, әдейі шақырып дәм берейін, — деп жүр едім, өздерің келіп қалдыңдар. Мына сөзімді де есте сақтаңдар деген екен.

Ықылас естен кетпейді,
Ас-дәм түске жетпейді.
Бірі бар, бірі жоқ кезде,
Дайындап алып шақырып,
Бергенге де жетпейді, —

деген екен [6].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *