ЖАРТЫ МАЛДАН АРТЫҚТЫ ЖОЛ ҚОСПАЙДЫ
ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ даласындағы бір ауылда құда түсіп қойған бір қыз өліп, ол келін болып түсетін жердің бай-шонжарлары мен шынжыр балақ шұбар төс төрелері төленген қалың малдың жартысын қайтарғанға риза болмай, дауласып, Саққұлақ шешеннің әділ шешімін сұраған. Ол асықпай ойланып болған дау мәселесін былай деп шешкен екен:
Қарқаралы басын қатын еттің.
Бүгін жанын жарты еттің.
Тайдай таладың,
Тайлақтай жүндедің
Жарты малдан артықты
Жол қоспайды, —
деп мақалдап, даугерлерді тоқтатыпты. Шешеннің сөзіне ой жіберіп қарасақ, шумақтағы образды теңеулердің ішкі астары «қалыңдық ойнаған қыздың жарты құны кетеді» деген мағынада болуы керек [12].