ЖАЙЫҚБАЙҒА АЙТҚАНЫ

ЖАЙЫҚБАЙҒА АЙТҚАНЫ

Байсерке абыздың ұлдары болмапты, бірақ екі қыз баласы болыпты. Осы екі қызының біреуі қыпшақ Қошқарбай батырдың көп балаларының біріне тұрмысқа шыққан. Сағынған қызын, одан туған жиендерін көріп қайту үшін Байсерке абыз бір жазда Ертістен Есілге барса керек. Құдасы Қошқарбай батыр Байсеркемен сыйлас қонақ болуға көршісі Жайықбай биді (аға сұлтан Ыбырайдың әкесі) шақырса керек. Аға сұлтан баласын арқаланып, Жайықбай басқаға сөз кезегін бермей, жүйесіз сөйлей берсе керек. Сөздің бір үзілген жерінде Байсерке:

Нақ бедеу мен қазанат,
Шабына түртсең теппейді.
Нәсілі жақсы азамат,
Шамдандырсаң сөкпейді.
Негізі жаман адамдар,
«Сен! дегенді көксейді.
Іс түскенде басыңа,
Туысың келер қасыңа,
Түбі бірге кетпейді.
Туысқа ешкім жетпейді.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Білмей лағып сөйлеуден,
Үндемеген бес артық, —

деп Жайықбайдың лағып сөйлеуін су сепкендей тоқтатқан екен [6].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *