БҰЛ ДА ҒАЛЫМНЫҢ БІРІ ЕДІ-АУ!

БҰЛ ДА ҒАЛЫМНЫҢ БІРІ ЕДІ-АУ!

1865 жылдың көктемі Ереймен жеріне кеш жетіп, шешен ауылы әлі жайлауға көшпеген кезі екен. Саққұлақ үйінің алдына бір кеште суыт жүрген пәуескелі біреулер келіп тоқтайды. Олар – Шыңғыс сұлтанның Баянауылға, Мұса мырзаға жіберген Шоқанның нағашысы екен.
Бұлардың басшысы Саққұлақтың құрдасы – Тұрыбекұлы Жүсіп мырза.
Шоқанның қазалы хабарын естігенде, салқынға бетін қаптырып, төсек тартып жатқан Саққұлақ басын көтеріп алып:
— Аһ! Аһ! О, шіркін ажал-ай! Саған да жарқыраған жанат, қылшылдаған болат керек екен ғой! Болмас! Болмас! – деп күйінішті өкінген екен де, жолаушыларға қарап:
— Алла марқұмның алдын жарық, артын қайырлы етсін деп көңіл айтып, бет сипап дұға оқыған екен. Жүсіптердің қайтар жолда мұнда соқпай, Аюлы-Ниязбен өтетінін естіген Саққұлақ кенже баласы Ералыға хат жаздырады. Ол хатта Шыңғысқа білдірген көңілі былай екен:

Ескендір жиһан кешті,
Жәмшит адамның майын ішті
Неше ғалым дүниеден көшті,
Айла таппай бәрі де өшті.
Бұл да сол ғалымның бірі еді-ау,
Арманына жетпей кетті-ау!
Ақсұңқар тұғырдан ұшты,
Ауырлығы сізге түсті.
Мезгілсіз салған бұғалақ,
Өзіңізге денсаулық,
Қайырлы қаза болсын! –

деген екен [14].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *