БАРЛЫ, БАРЛЫ, БАРЛЫ ТАУ
Барлы, Барлы, Барлы тау,
Басы есеннің дені сау.
Ұйықтамаса қабақ жау,
Ішпей жүрсе тамақ жау.
Арық атқа қамшы жау,
Ұрысқақ болса ұлың жау.
Керіскек болса келін жау,
Қашаған болса қатын жау,
Төбеген болса биең жау.
Сүйкеншек болса түйең жау,
Түйең менен биеңді,
Алып кетсе жиен жау.
Ұл он беске келгенде,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса доңызың.
Көк түйнектен өліп қалмаса,
Жасында күйеу алмаса,
Көрінгенмен ойнаса,
Бәрінен де қызың жау [9,97-б].